"Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10932 тіркелді

      «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 10-бабы 1-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 наурыздағы № 42 (1664) «Заң газеті», 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 17 (487) «Официальная газета» газеттерінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 10-бабының 1-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң клиенттi тиiсiнше тексеруi үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi көрсетілген осы бұйрық қосымшасына сәйкес редакциясында жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді басылымдарда және «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2014 жылдың 14 желтоқсанынан кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Б. Имашев
______________________
31 наурыз 2015 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрі
А. Исекешев
______________________
21 қараша 2014 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
______________________
20 қараша 2014 жыл

КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
Қ. Келімбетов
____________________
27 қараша 2014 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
______________________
25 қараша 2014 жыл


Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
бұйрығына қосымша     
2014 жылғы 20 қараша № 506

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2010 жылғы 15 ақпандағы 
№ 56 бұйрығымен бекітілген

Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен басқасы көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына бейрезидент жеке тұлғаның келіп кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат;
      3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент жеке тұлғалары үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;
      4) Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:
      ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжат (тары);
      мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;
      құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімнен үзінді көшірме;
      заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ шаруашылық серiктестiктер, қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзу біртұтас тіркеушімен жүзеге асырылатын құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлға бенефициар меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат (бенефициар меншік иесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылғанда және акционерлер (қатысушылар) тізілімнен үзінді көшірмесінен анықталған жағдайды қоспағанда);
      клиент атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға, заңды тұлғаның құжаттарына лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжат (тар);
      қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң филиалдары және өкiлдiктерi үшiн - қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң филиалы немесе өкiлдiгi басшысының өкiлеттiктерін растайтын құжаттар;
      заңды тұлғалардың филиалдары мен өзге нысандағы өкiлдiктері үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаты;
      заңды тұлғаның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайын куәландыратын құжат;
      рұқсат (егер клиенттің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асырылатын болса;
      5) егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет етсе (заңды тұлғаның лауазымды тұлғасынан басқа):
      Қазақстан Республикасының резидент клиентінің өкілдері үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;
      Қазақстан Республикасының бейрезидент клиентінің өкілдері үшiн:
      жеке басын куәландыратын құжат;
      клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;
      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына резидент емес жеке тұлғаның келуі, кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.
      Тиісінше тексеру үшін қаржы мониторингі субъектілері клиенттен құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесін немесе апостиль қойдырылған немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген заңдастырылған тәртіппен құжаттардың көшірмелерін сұратуы тиіс.
      Ескертпе: Осы Тізбеде қолданылатын резидент және бейрезидент ұғымдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген мағыналар пайдаланылады.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 февраля 2010 года № 56 "Об утверждении Перечня документов, необходимых для надлежащей проверки клиента субъектами финансового мониторинга"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 ноября 2014 года № 506. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2015 года № 10932

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года «О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 февраля 2010 года № 56 «Об утверждении Перечня документов, необходимых для надлежащей проверки клиента субъектами финансового мониторинга» (зарегистрированный в Реестре государственный регистрации нормативных правовых актов за № 6107, опубликованный в газетах «Юридическая газета» от 26 марта 2010 года № 42 (1838), «Официальная газета» от 23 апреля 2010 года № 17 (487)) следующие изменения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года «О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма», ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      Перечень документов, необходимых для надлежащей проверки клиента субъектами финансового мониторинга, утвержденный указанным приказом, изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан (Таджияков Б.Ш.) в установленном порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических изданиях и в информационно-правовой системе нормативных правовых актов «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие с 14 декабря 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов

«СОГЛАСОВАНО»
Министр юстиции
Республики Казахстан
Б. Имашев
_____________________
31 марта 2015 год

«СОГЛАСОВАНО»
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
А. Исекешев
_____________________
21 ноября 2014 год

«СОГЛАСОВАНО»
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы
_____________________
20 ноября 2014 год

«СОГЛАСОВАНО»
Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
К. Келимбетов
_____________________
27 ноября 2014 год

«СОГЛАСОВАНО»
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Е. Досаев
_____________________
25 ноября 2014 год


Приложение         
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан   
от 20 ноября 2014 года № 506

Утвержден          
приказом Министра финансов
Республики Казахстан  
от 15 февраля 2010 года № 56

Перечень документов, необходимых для надлежащей проверки
клиента субъектами финансового мониторинга

       1. Перечень документов, необходимых для надлежащей проверки клиента субъектами финансового мониторинга:
      1) для физических лиц - резидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность;
      2) для физических лиц - нерезидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность;
      документ, удостоверяющий регистрацию в уполномоченных органах Республики Казахстан на право въезда, выезда и пребывания физического лица-нерезидента на территории Республики Казахстан, если иное не предусмотрено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан;
      3) для физических лиц - резидентов Республики Казахстан, осуществляющих индивидуальную предпринимательскую деятельность:
      документ, удостоверяющий личность;
      документ, выданный уполномоченным органом, подтверждающий факт прохождения государственной регистрации;
      4) для юридических лиц-резидентов и нерезидентов Республики Казахстан и их обособленных подразделений (филиалов и представительств):
      документ(-ы), удостоверяющий(-ие) личность должностного(-ых) лица (лиц), уполномоченного(-ых) подписывать документы юридического лица на совершение операций с деньгами и (или) иным имуществом;
      документ, выданный уполномоченным органом, подтверждающим факт прохождения государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица;
      учредительные документы и (или) выписка из реестра держателей ценных бумаг;
      документы, удостоверяющие личность либо подтверждающие факт прохождения государственной регистрации (перерегистрации) учредителей (участников) юридического лица (за исключением документов учредителей (участников) акционерных обществ, а также хозяйственных товариществ, ведение реестра участников которых осуществляется единым регистратором), а также документы, удостоверяющие личность бенефициарных собственников юридического лица (за исключением случаев, когда бенефициарный собственник является учредителем (участником) юридического лица и выявлен на основании выписки из реестра акционеров (участников);
      документы, подтверждающие полномочия должностного(-ых) лица (лиц) лиц, на совершение действий от имени клиента без доверенности, в том числе на подписание документов юридического лица на совершение операций с деньгами и (или) иным имуществом;
      для филиалов и представительств общественных и религиозных объединений - документы, подтверждающие полномочия руководителя филиала или представительства общественного или религиозного объединения, избранного (назначенного) в порядке, предусмотренном уставом общественного или религиозного объединения и положением о его филиале или представительстве;
      для филиалов и представительств иных форм юридических лиц - доверенность, выданная юридическим лицом - резидентом Республики Казахстан руководителю филиала или представительства;
      документ, удостоверяющий адрес места нахождения юридического лица;
      разрешение (в случае если деятельность клиента осуществляется посредством лицензирования или разрешительной процедуры в соответствии с Законом Республики Казахстан «О разрешениях и уведомлениях»);
      5) если от имени клиента действует его представитель (за исключением должностных лиц юридического лица):
      для представителей клиента - резидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность;
      документы, подтверждающие полномочия представителя клиента на совершение операций с деньгами и (или) иным имуществом от имени клиента, в том числе на подписание документов клиента;
      для представителей клиента - нерезидентов Республики Казахстан:
      документ, удостоверяющий личность;
      документы, подтверждающие полномочия представителя клиента на совершение операций с деньгами и (или) иным имуществом от имени клиента, в том числе на подписание документов клиента;
      документ, удостоверяющий регистрацию в уполномоченных органах Республики Казахстан на право въезда, выезда и пребывания физического лица-нерезидента на территории Республики Казахстан, если иное не предусмотрено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.
      Для надлежащей проверки субъекты финансового мониторинга должны запрашивать у клиента оригиналы либо нотариально заверенные копии документов, либо копии документов с проставлением апостиля или в легализованном порядке, установленном международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.
      Примечание: Понятия резидента и нерезидента, применяемые в настоящем Перечне, используются в значениях, указанных в Кодексе Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет».