Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 56 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6107 болып енгізілді.

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 10-бабының 1-тармағына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2014 № 506 (14.12.2014 кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (М.С. Өтебаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 9 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Министр

Б. Жәмішев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрі

      Р. Түсіпбеков

      ________________

      2010 ж.


      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және сауда

      Министрі

      Ә. Исекешев

      2010 жылғы 2 наурыз


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын және

      қаржы ұйымдарын реттеу

      мен қадағалау агенттігінің

      төрайымы Е. Бахмутова

      2010 жылғы 1 наурыз


      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт

      министрінің м.а.

      Қ. Өскенбаев

      2010 жылғы 23 ақпан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      Г. Марченко

      2010 жылғы 2 наурыз


      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрінің м.а.

      Д. Құсдәулетов

      2010 жылғы 5 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 56 бұйрығымен
бекітілген

Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2014 № 506 (14.12.2014 кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары үшiн:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары үшін:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен басқасы көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына бейрезидент жеке тұлғаның келіп кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат;

      3) Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент жеке тұлғалары үшiн:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;

      4) Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшін:

      ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға заңды тұлғаның құжаттарына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжат (тары);

      мемлекеттік тiркеуден өту фактiсiн растайтын уәкілетті орган берген құжат;

      құрылтай құжаттары және (немесе) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімнен үзінді көшірме;

      заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ шаруашылық серiктестiктер, қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзу біртұтас тіркеушімен жүзеге асырылатын құжаттарын қоспағанда), сондай-ақ заңды тұлға бенефициар меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат (бенефициар меншік иесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылғанда және акционерлер (қатысушылар) тізілімнен үзінді көшірмесінен анықталған жағдайды қоспағанда);

      клиент атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жасауға, заңды тұлғаның құжаттарына лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжат (тар);

      қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң филиалдары және өкiлдiктерi үшiн - қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң филиалы немесе өкiлдiгi басшысының өкiлеттiктерін растайтын құжаттар;

      заңды тұлғалардың филиалдары мен өзге нысандағы өкiлдiктері үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаты;

      заңды тұлғаның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайын куәландыратын құжат;

      рұқсат (егер клиенттің қызметі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асырылатын болса;

      5) егер клиенттің атынан оның өкілі әрекет етсе (заңды тұлғаның лауазымды тұлғасынан басқа):

      Қазақстан Республикасының резидент клиентінің өкілдері үшiн:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент клиентінің өкілдері үшiн:

      жеке басын куәландыратын құжат;

      клиенттің атынан заңды әрекеттер жасауға, соның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасауға, клиент құжаттарына клиент өкілінің қол қою құқығына өкілеттілігін растаушы құжаттар;

      егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағына резидент емес жеке тұлғаның келуі, кетуі және болуына құқық беретін Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат.

      Қаржы мониторингі субъектілері клиентті тиісінше тексеру кезінде клиенттің (оның өкілінің) таңдауы бойынша көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін не апостиль қойдырылған немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен заңдастырылған құжаттардың көшірмелері негізінде клиент туралы мәліметтерді құжаттап тіркейді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 05.04.2017 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескертпе: Осы Тізбеде қолданылатын резидент және бейрезидент ұғымдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген мағыналар пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады