Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 172/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 15 желтоқсанында № 606 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
"Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) бүкіл мәтінінде "Лентасы", "Лентаны", "ленталар" сөздері сәйкесінше "Алқасы", "Алқаны", "алқалар" сөздеріне өзгертілсін.
2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | М. Оралов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |