"Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 271/37-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 832 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 172/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 15 желтоқсанында № 606 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) бүкіл мәтінінде "Лентасы", "Лентаны", "ленталар" сөздері сәйкесінше "Алқасы", "Алқаны", "алқалар" сөздеріне өзгертілсін.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

М. Оралов

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады