"Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қарашада № 851 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 08.01.2018 № 105-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 18-бабының 18-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 24 маусымда № 633 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі № 70 (2536) "Астана ақшамы" және 2010 жылғы 1 шілдедегі № 75 (2532) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:

      реттік нөмірі 24 жол алып тасталсын.

      2. "Астана қаласының Мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 20.02.2015 № 105-249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2010 года № 27-492п "Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 3 ноября 2014 года № 105-1808. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 7 ноября 2014 года № 851. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 8 января 2018 года № 105-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата г. Астаны от 08.01.2018 № 105-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 18 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года "0б охране и использовании объектов историко-культурного наследия", подпунктом 18) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 3 июня 2010 года № 27-492п "Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 24 июня 2010 года № 633, опубликовано в газетах "Астана ақшамы" от 1 июля 2010 года № 70 (2536) и "Вечерняя Астана" от 1 июля 2010 года № 75 (2532), следующее изменение:

      в Государственном списке памятников истории и культуры местного значения города Астаны, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 24, исключить.

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление культуры города Астаны" произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением акимата города Астаны от 20.02.2015 № 105-249 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Балаеву А.Г.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким

А. Джаксыбеков