Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/35 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Айтмұхаметов
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31
қаулысымен бекітілді
Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы
1. Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы қоғамдық моральдық-этикалық нормаларға негізделген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Қағидамен мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі таныстыруы тиіс.
3. Танысқаннан кейін Қағида мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде сақталады.
4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жұмысының барысында:
1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
3) өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл сапалы және әділ атқаруға;
4) өзінің кәсіби қызметінде мемлекеттік және қызметтік мүдделерді өз мүдделерінен жоғары санауға;
5) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі;
6) мүдделер дауларының алдын алу және реттеу бойынша шара қолдануы;
7) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
9) қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімділігін сақтауға және нығайтуға;
10) қызметтік ақпараттың таратылуына жол бермеуге;
11) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
12) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
13) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
15) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
16) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
17) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
18) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
19) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
20) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;
21) моралдық-психологиялық төзімділікке, ұстамдылыққа ие болуға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен ілтипаттылық танытуға;
22) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
23) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;
24) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер беруге;
25) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға;
26) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға;
27) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
28) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі керек.