Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-2/35 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ А-2/35 қаулысына  
қосымша       

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. «Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2014 жылғы 17 наурызда жарияланған).
      2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/545 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 6 қаңтарда жарияланған).
      3. «Ақмола облысында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № А-8/385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4982 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 30 қырқүйекте жарияланған).
      4. «Субсидия нормативтерін арттыру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № А-11/500 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады