Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 18.09.2017 № А-10/398 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын қосымшаға сәйкес ақшалай үлес төленсін.
2. "Әралуан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін Ақмола облысының спортшылары мен олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай қаржы төлеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/145 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № А-7/378 қаулысына қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы
Жарыстардың атаулары | Орын | Төлем көлемі (айлық есептік көрсеткіш) |
Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 150 АЕК |
2-орын | 125 АЕК | |
3-орын | 100 АЕК | |
4-орын | 90 АЕК | |
5-орын | 75 АЕК | |
6-орын | 60 АЕК | |
лицензия | 40 АЕК | |
Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1-орын | 100 АЕК |
2-орын | 80 АЕК | |
3-орын | 70 АЕК | |
4-орын | 50 АЕК | |
5-орын | 40 АЕК | |
6-орын | 30 АЕК | |
Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) | 1-орын | 100 АЕК |
2-орын | 80 АЕК | |
3-орын | 60 АЕК | |
Азия ойындары (жазғы, қысқы) Бүкіл әлемдік (жазғы, қысқы) универсиада | 1-орын | 80 АЕК |
2-орын | 70 АЕК | |
3-орын | 60 АЕК | |
Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 70 АЕК |
2-орын | 50 АЕК | |
3-орын | 40 АЕК | |
Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық, Азия ойындары (жазғы, қысқы) | 1-орын | 60 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Әлем Кубогы (Әлем Кубогының кезеңдерінен басқа) (олимпиадалық спорт түрлерінен) Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен) | 1-орын | 60 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Жастар, жасөспірімдер арасындағы (олимпиадалық спорт түрлерінен) Әлем чемпионаты | 1-орын | 50 АЕК |
2-орын | 40 АЕК | |
3-орын | 30 АЕК | |
Жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлерінен) | 1-орын | 40 АЕК |
2-орын | 30 АЕК | |
3-орын | 20 АЕК | |
Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) Қазақстан Республикасының спартакиада (жазғы, қысқы) | 1-орын | 30 АЕК |
2-ші, 3-орындар | 20 АЕК | |
Жастар ойындары (жазғы, қысқы) Жастар, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлерінен) | 1-орын | 20 АЕК |