РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/572 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінде осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1, "б" корпусы.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
13. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары
мен мiндеттерi
14. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, ұлт бірлігін нығайтуға, мемлекет пен азаматтық сектордың серіктестік жүйесін қолдауға және өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру.15. Мiндеттерi:
1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және салалалық бағдарламалардың және басқа стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
3) ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
16. Функциялары:
1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
2) алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
4) алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
5) алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
6) алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің Ақмола облысының аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
9) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
10) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсыну;
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;
13) Ақмола облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, жинақтау және уәкілетті органға беру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 29.03.2016 № А-5/138 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіп бойынша Басқарманың қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты сұрап алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына (тігілуіне, орналастырылуына) тексеріс жүргізу;
3) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да көмек көрсету;
4) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің, Ақмола облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.19. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімімен келісіліп қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкiлеттiгi:
1) "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оны басқарады;
2) Заңға сәйкес "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, ведомствоға бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапкершілік алады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.
22. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіліктерін анықтайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн."Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша |
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесі
1. "Акмолинская правда" газетінің редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;2. "Ақмола – "Тіршілік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3. "Ақмола Медиа Орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.