РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № А-11/572 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4542 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
16-тармақтағы:
2), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Ақмола облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, жинақтау және уәкілетті органға беру.".
2. "Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде енгізілген өзгерістер мен толықтыру туралы әділет органдарын хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № А-5/138 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру мәтіні
16-тармақтағы:2), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Ақмола облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинау, жинақтау және уәкілетті органға беру.".