Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 02.11.2015 № А-11/502 (ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Фитосанитарлық қауіпсіздік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № А-3/71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4103 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 6 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Аэрозольды және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
келесі мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 3-ші, 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының 1-ші, 2-қосымшаларына сәйкес 3-ші және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 қарашадан № А-11/576
қаулысына 1-қосымша
«Аэрозольды және фумигациялық
тәсілдермен пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру (формуляциялау),
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану
бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 3-қосымша
«Аэрозольды және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 қарашадан № А-11/576
қаулысына 2-қосымша
«Аэрозольды және фумигациялық
тәсілдермен пестицидтерді (улы
химикаттарды) өндіру (формуляциялау),
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу,
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану
бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4-қосымша