Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 06.01.2015 № А-1/8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы № А-6/1250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-150 болып тіркелген, 2011 жылдың 21 шілдесінде «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
қаулының 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;
қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ж.Жұмағұлов
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 27 ақпандағы № А-2/395
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиеші, медбике, өндірістік оқыту шебері, бастауыш әскери дайындық жөніндегі басшы, аға вожатый, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.