Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 06.01.2015 № А-1/8 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № А-2/395 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № С-44/10 «Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № А-2/395 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 13 шілдедегі № а-7/1097 «Қала бюджетінің қаражатынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (2010 жылғы 13 тамыздағы № 1-1-126 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2010 жылғы 19 тамыздағы «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) № А-7/1097 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 маусымдағы
№ А-6/1250 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № А-2/395 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиеші, медбике, өндірістік оқыту шебері, бастауыш әскери дайындық жөніндегі басшы, аға вожатый, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс жөніндегі техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.