"Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 4086 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Ж.Жұмағұлов

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ А-3/506 қаулысымен
бекітілген

"Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкше-Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ведомствосы бар.
      3. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 142 А үй, 1 пәтер.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жануарлардың аса қауіпті ауруларынан және энзоотиялық ауруларынан ветеринариялық қолайлылық негізінде Көкшетау қаласының азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      15. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) даму үстіндегі нарықтық қатынас жағдайында аграрлық сектор экспорттық мүмкіндіктерін көтеру;
      2) Көкшетау қаласының стратегиялық жоспарлары мен жекелеген бағдарламаларын жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген міндеттерді шешу;
      4) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      5) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою;
      8) "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша жоғары тұратын ұйымдарға есеп және ақпараттар ұсыну;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтары.
      16. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) облыстық маңызы бар қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
      10) облыстық маңызы бар қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      12) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      16) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      17) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      18) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      19) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      20) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      21) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      22) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      23) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      24) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      26) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      27) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда- Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 23.02.2015 № А-2/225 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрауға және алуға;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      5) өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 04.02.2016 № А-2/209 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Көкшетау қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындайды және жұмыстан босатады;
      4) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      5) мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшілерінің ережелерін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекеменің атынан мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда өкілеттілік етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
      "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңмада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау"

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 14 марта 2014 года № А-3/506. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 11 апреля 2014 года № 4086. Утратило силу постановлением акимата города Кокшетау Акмолинской области от 21 апреля 2016 года № А-4/878

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кокшетау Акмолинской области от 21.04.2016 № А-4/878 (вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", на основании Типового положения государственного органа Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410, акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Кокшетау Омарову А.Б.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким города Ж.Жумагулов

  Утверждено
постановлением акимата
города Кокшетау
от 14 марта 2014 года
№ А-3/506

Положение
государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере ветеринарии.
      2. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" имеет ведомство государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кокше–Ветсервис" при акимате города Кокшетау.
      3. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 020000 Акмолинская область, город Кокшетау, улица Абая, дом 142 А, квартира 1.
      10. Полное наименование государственного органа: государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии города Кокшетау" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау".
      Если государственному учреждению "Отдел ветеринарии города Кокшетау" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" обеспечение продовольственной безопасности города Кокшетау на основе ветеринарного благополучия по энзоотическим и особо опасным болезням животных.
      15. Задачи государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау":
      1) увеличение экспортных возможностей аграрного сектора в условиях развивающихся рыночных отношений;
      2) реализация стратегических планов и отдельных программ развития города Кокшетау;
      3) решение задач, определенных законодательными актами Республики Казахстан;
      4) защита животных от болезней и их лечение;
      5) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;
      6) охрана территории соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней из других государств;
      7) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии;
      8) представление отчетов и информации по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" в вышестоящие организации;
      9) иные права предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау":
      1) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;
      2) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;
      3) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) требованиями;
      4) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;
      5) организация и проведение просветительной работы среди населения по вопросам ветеринарии;
      6) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;
      7) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      8) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;
      9) принятие решений об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных на территории города областного значения;
      10) принятие решений о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на территории города областного значения;
      11) организация проведения ветеринарных мероприятий по энзоотическим болезням животных на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      12) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;
      13) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных, ведению базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;
      14) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области;
      15) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в местный исполнительный орган области;
      16) внесение предложений в местный исполнительный орган области по ветеринарным мероприятиям по профилактике заразных и незаразных болезней животных;
      17) внесение предложений в местный исполнительный орган области по перечню энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;
      18) организация хранения ветеринарных препаратов, приобретенных за счет бюджетных средств, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;
      19) внесение предложений в местный исполнительный орган области о ветеринарных мероприятиях по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;
      20) организация санитарного убоя больных животных;
      21) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      22) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      23) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      24) утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      25) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      26) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      27) выдача акта эпизоотологического обследования;
      28) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      29) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 16 - в редакции постановления акимата города Кокшетау Акмолинской области от 23.02.2015 № А-2/225 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      17. Права и обязанности государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау":
      1) запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, необходимые документы для выполнения своих функций;
      2) беспрепятственно посещать (по предъявлении служебного удостоверения) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора с целью проверки выполнения норм законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии, а также получения информации о деятельности физических и юридических лиц в области ветеринарии;
      3) проводить отбор проб объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора для их диагностики или ветеринарно-санитарной экспертизы с уведомлением заинтересованных лиц о сроках проведения их исследования;
      4) проводить государственный ветеринарно-санитарный контроль и надзор;
      5) издавать акты в пределах полномочий;
      6) при выявлении на территориях ветеринарно-санитарного благополучия, а также в неблагополучных пунктах перемещаемых (перевозимых) объектов, представляющих опасность для здоровья животных и человека, изымать и уничтожать в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, принимать участие в организации их обезвреживания (обеззараживания) или переработки, а также сообщать об указанных фактах в уполномоченный государственный орган в области здравоохранения;
      7) предъявлять иски в суд в случае нарушения законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;
      8) пользоваться иными правами, предоставленными действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 17 - в редакции постановления акимата города Кокшетау Акмолинской области от 04.02.2016 № А-2/209 (вводится в действие со дня официального опубликования).

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Кокшетау.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение задач и осуществление им своих функций;
      2) определяет обязанности и полномочия работников государственного учреждения;
      3) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников государственного учреждения;
      4) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения;
      5) подписывает акты государственного учреждения;
      6) утверждает положение о структурных подразделениях государственного учреждения;
      7) представляет государственное учреждение в государственных органах, иных организациях;
      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенные в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел ветеринарии города Кокшетау", относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Отдел ветеринарии города Кокшетау" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел ветеринарии города Кокшетау" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.