"Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № А-2/209 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 наурызда № 5270 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/506 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4086 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің:
      17 - тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "17. "Көкшетау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрауға және алуға;
      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне;
      3) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
      4) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      5) өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
      6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
      7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Жылқыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады