Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № С-32/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 4613 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.04.2017 № С-9/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 32-ші
кезекті сессияның төрағасы
Р.Калишев
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Станционный поселкесінің
әкімі
Е.Байдалин

  Көкшетау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы № С-32/4
шешімімен бекітілген

Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Станционный поселкесінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзiрлендi және Станционный поселкесіндегі көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Станционный поселкесінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Станционный поселкесінің әкімі шақырады.

      Көкшетау қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Поселке, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Станционный поселкесінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Станционный поселкесінің, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Станционный поселкесінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Станционный поселкесінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін поселке, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын поселке аумағындағы поселкесінің көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 1 % мөлшеріндегі құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Станционный поселкесінің көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны үшін Станционный поселкесінің әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 24 декабря 2014 года № С-32/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 января 2015 года № 4613. Утратило силу решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 18 апреля 2017 года № С-9/7

      Сноска. Утратило силу решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 18.04.2017 № С-9/7 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
32 очередной сессии
Кокшетауского городского
маслихата пятого созыва
Р.Калишев
      Секретарь
Кокшетауского городского
маслихата пятого созыва
Б.Бегалин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким поселка Станционный Е.Байдалин

  Утверждены решением
Кокшетауского городского маслихата
от 24 декабря 2014 года № С–32/4

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Станционный (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улиц, многоквартирных жилых домов в поселке Станционный.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома (далее - раздельный сход) на территории поселка Станционный созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом поселка Станционный.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима города Кокшетау на проведение схода в поселке Станционный.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население поселка Станционный оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах поселка, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом поселка Станционный.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего поселке, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом поселка Станционный или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким поселка Станционный или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей поселка, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в количественном составе 1 % от общего числа жителей поселка, улицы, многоквартирного жилого дома на территории поселка, улицы.

      Количество представителей жителей поселка, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима поселка Станционный.