Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 14.04.2015 № 5С-38/5 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автомобильдерге май құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген (арналған) жерлерді қоспағанда Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Степногорск қаласы, елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаралына сәйкес жоғарылатылсын (төмендетілсін).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 14.04.2015 № 5С-38/5 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
С.Алпысбаев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Ғ.Көпеева |
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі | М.Тақамбаев |
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық Комитетінің Ақмола облысы бойынша Салық Департаментінің Степногорск қаласы бойынша Салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Есжанов |
Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/6 шешіміне 1 қосымша |
Степногорск қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақтардың нөмірлері | Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (+) төмендету (-) пайыздары |
I | +50 |
II | +40 |
III | +35 |
IV | +30 |
V | +20 |
Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/6 шешіміне 2 қосымша |
Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы елді мекендер бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздары
Аймақтардың нөмірлері | Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (+) төмендету (-) пайыздары |
VI | +50 |
VII | +20 |
VIII | +10 |
IX | 0 |
X | -10 |
XI | -20 |
XII | -50 |
Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/6 шешіміне 3 қосымша |