Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/6 "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендерге Степногорск қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 5С-38/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 4804 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 6С-3/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 18.04.2016 № 6С-3/2 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендерге Степногорск қаласы бойынша жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4154 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Степногорск қаласы, елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы";
      1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Автомобильдерге май құю станциялары, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген (арналған) жерлерді қоспағанда Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Степногорск қаласы, елді мекендер жер учаскелеріне жер салығының базалық ставкалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаралына сәйкес жоғарылатылсын (төмендетілсін).";
      3-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының төрайымы Р.Сахневич
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Есжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады