Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № а-7/286 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 тамызда № 4329 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № а-6/246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 26.06.2015 № а-6/246 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Н.Ә.Аманқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев

Степногорск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 шілдедегі № а-7/286
қаулысымен бекітілген   

Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы

      1. Осы Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғаның балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалдау төлем ақысының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс түрін, тұрғын үй емес жайдың түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушылардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициент мөлшерінің негізінде анықталады және формула бойынша іске асырылады:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кжд х Кр х Кқт х Кұқн,
      мұндағы:
      Ап – бір жылда қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілеріне жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Бс - жылына 1 шаршы метр теңгеге жалға алу төлемінің негізгі мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын жай, шаршы метр, соның ішінде жалпы пайдалану орнына жалдаушының қолжетімін есепке алатын жалға берілетін алаңның 25 пайыз;
      Кт - құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй жайдың түрін есепке алатын коэффициент;
      Кжд – жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент;
      Кр – аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент;
      Кқт – жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент;
      Кұқн - жалға алушының ұйымдастыру–құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап=С х Nam / 100 х Кп
      мұндағы:
      Ап – жылына жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозу есептелген жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-бабына сәйкес тозудың шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (0,5 көлемінде-сауда-сатылатын (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,8 мөлшерінде 60 пайыздан артық жабдықтың, көлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың тозуы кезінде қолданады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін сағат бойынша мүліктік жалға беру, сонымен қатар қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысын есептеу келесі формуламен іске асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      мұндағы:
      Ач - бір сағатқа қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа пайдаланылмайтын заттарға жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Ап - осы Қағиданың 2-ші немесе 3-тармақтарында аталған жалға алу мөлшермесі;
      Д - мүліктік жалға берілетін (жалға алынатын) объектілерге тапсыруды іске асыратын бір ай ішіндегі күндердің саны.

Степногорск қаласы бойынша
коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру
кезінде жалға алу төлемінің
есептік мөлшерлемесін есептеу
Қағидасына қосымша   

Степногорск қаласы бойынша коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері және негізгі мөлшерлемесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 04.02.2015 № а-1/52 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Негізгі мөлшерме

1,5 айлық есептік көрсеткіш

№ р/т

Коэффициенттердің түрлері

Коэффициенттің мөлшері

1

Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт):


1.1. кеңселік, әкімшілік, қоғамдық

1,0

1.2. ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік

0,8

1.3. қоймалық, гараждық, қазандық

0,7

2

Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк)


2.1. ғимарат немесе ғимараттағы жай, қоғамдық көлік тұрақтары, көшелік жарықтар тірегі

1,2

2.2. жалғастыра салынған бөлігі

0,9

2.3. цоколдық (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4. жертөле бөлігі, төбесі

0,6

3

Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд)


3.1. барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуаты, канализация) қандай да коммуникация түрі болмаған жағдайда әр түрге 0,5 азаяды

2,0

4

Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр)


4.1 Степногорск қаласы

0,9

4.2 Заводской кенті

0,5

4.3 Ақсу кенті

0,5

4.4 Бестөбе кенті

0,5

4.5 Шаңтөбе кенті

0,1

4.6 Қарабұлақ ауылы

0,5

4.7 Изобильный ауылы

0,5

4.8 Қырық-құдық ауылы

0,5

4.9 Бөгенбай ауылдық округі

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт);


5.1 брокерлік қызмет және кеден қызметін көрсету, банктер, ломбардтар, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды конторлар, адвокаттық конторлар, зергерлік шеберханалар үшін

3,0

5.2 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерімен айналысатын ұйымдастыру үшін

1,5

5.3 облыста қызметтерді ұйымдастыруға арналған:
5.3.1. жоғары, техникалық және кәсіптік білім;
5.3.2. орта білім;
5.3.3. мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

1,1

0,9

0,8

5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.5 бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік білім беруде жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін, және оқу орындарының жатақханалары

0,5

5.6 мемлекеттік мекемелер орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

0,9

5.7 жарғылық қызметті іске асыратын ғимараттарда, осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) мемлекеттік заңды тұлғалардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

1,2

5.8 жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру үшін

0,5

5.9 пошта қызметі саласындағы қызметтерді ұсыну үшін

1,0

5.10 басқалар үшін

1,5

6

Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):


6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін (үкіметтік емес ұйымдардан басқа)

0,5

6.2 үкіметтік емес ұйымдар үшін

0,2

6.3 басқалар үшін

1,0

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногорску

Постановление акимата города Степногорска Акмолинской области от 29 июля 2014 года № а-7/286. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 28 августа 2014 года № 4329. Утратило силу постановлением акимата города Степногорска Акмолинской области от 26 июня 2015 года № а-6/246

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Степногорска Акмолинской области от 26.06.2015 № а-6/246 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии c Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе», постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 «Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)», акимат города Степногорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногорску.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Степногорска Аманкулова Н.А.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города Степногорска                   М.Такамбаев

Утверждены постановлением  
акимата города Степногорска 
от 29 июля 2014 года № а-7/286

Правила
расчета ставки арендной платы при передаче коммунального
имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногорску

      1. Настоящие Правила расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногорску (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 50 Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду), утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88, и определяют порядок расчета ставки арендной платы при передаче коммунального имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногорску.
      2. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц определяется на основании базовой ставки и размеров применяемых коэффициентов, учитывающих тип строения, вид нежилого помещения, степень комфортности, территориальное расположение, вид деятельности нанимателя, организационно-правовую форму нанимателя согласно приложению к настоящим Правилам и осуществляется по формуле:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      где:
      Ап – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, находящиеся на балансе городских коммунальных юридических лиц, в год;
      Бс – базовая ставка арендной платы за 1 квадратный метр, тенге в год;
      S – арендуемая площадь, квадратный метр, в том числе 25 процентов от передаваемой в аренду площади, учитывающих доступ нанимателя к местам общего пользования;
      Кт - коэффициент, учитывающий тип строения;
      Кк - коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения;
      Кск - коэффициент, учитывающий степень комфортности;
      Кр - коэффициент, учитывающий территориальное расположение;
      Квд - коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя;
      Копф - коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя.
      3. Расчет ставки годовой арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей осуществляется по формуле:
      Ап = С х Nam / 100 х Кп
      где:
      Ап - ставка арендной платы за оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи в год;
      С - остаточная стоимость оборудования по данным бухгалтерского учета.
      При сдаче в имущественный наем (аренду) оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей с начисленным износом 100 процентов остаточная стоимость принимается в размере 10 процентов от первоначальной (восстановительной) стоимости;
      Nam - предельные нормы амортизации в соответствии со статьей 120 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс);
      Кп - понижающий коэффициент (применяется при износе оборудования, транспортных средств и других непотребляемых вещей более 60 процентов - в размере 0,8, при предоставлении субъектам малого предпринимательства для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению, за исключением торгово-закупочной (посреднической) деятельности, - в размере 0,5).
      4. Расчет арендной платы при предоставлении в имущественный наем (аренду) по часам объектов государственного нежилого фонда, а также оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц, осуществляется по следующей формуле:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      где:
      Ач – ставка арендной платы за объекты государственного нежилого фонда, оборудование, транспортные средства и другие непотребляемые вещи, находящиеся на балансе городских коммунальных юридических лиц, в час;
      Ап – ставка арендной платы, указанная в пунктах 2 или 3 настоящих Правил;
      Д – количество дней в месяце, в котором осуществляется передача объектов в имущественный наем (аренду).

Приложение к Правилам      
расчета ставки арендной платы при
передаче коммунального имущества
в имущественный наем (аренду) 
по городу Степногорску     

Базовая ставка и размеры применяемых коэффициентов при передаче коммунального имущества в имущественный наем (аренду) по городу Степногоску

      Сноска. Приложение - в редакции постановления акимата города Степногорска Акмолинской области от 04.02.2015 № а-1/52 (вводится в действие со дня официального опубликования).

Базовая ставка

1,5 месячного расчетного показателя

№ п/п

Виды коэффициентов

Размер коэффициента

1

Коэффициент, учитывающий тип строения (Кт):


1.1 офисное, административное, общественное

1,0

1.2 предназначенное для нужд сельского хозяйства, производственное

0,8

1.3 складское, гаражное, котельное

0,7

2

Коэффициент, учитывающий вид нежилого помещения (Кк)


2.1 здание или помещение в здании, остановки общественного транспорта, опоры уличного освещения

1,2

2.2 пристроенная часть

0,9

2.3 цокольная (полуподвальная) часть

0,7

2.4 подвальная часть, крыша

0,6

3

Коэффициент, учитывающий степень комфортности (Кск)


3.1 для помещений со всеми инженерно-техническими устройствами (водоснабжение, теплоснабжение, электричество, канализация) при отсутствии каких-либо видов коммуникаций уменьшается на 0,5 за каждый вид

2,0

4

Коэффициент, учитывающий территориальное расположение (Кр)


4.1 город Степногорск

0,9

4.2 поселок Заводской

0,5

4.3 поселок Аксу

0,5

4.4 поселок Бестобе

0,5

4.5 поселок Шантобе

0,1

4.6 село Карабулак

0,5

4.7 село Изобильное

0,5


4.8 село Кырык кудык

0,5


4.9 Богенбайский сельский округ

0,5

5

Коэффициент, учитывающий вид деятельности нанимателя (Квд):


5.1 для брокерской деятельности и оказания таможенных услуг, банков, ломбардов, обменных пунктов и организаций, деятельность которых связана с рынком ценных бумаг, страховых, инвестиционных компаний, нотариальных контор, адвокатских контор, ювелирных мастерских

3,0

5.2 для организации общественного питания, гостиничных услуг, торговой или торгово – посреднической деятельности

1,5

5.3 для организации услуг в области:
5.3.1. высшего, технического и профессионального образования;
5.3.2. среднего образования;
5.3.3. дошкольного воспитания и обучения

1,1

0,9

0,8

5.4 для организации услуг в области здравоохранения, культуры, туризма и спорта, средств массовой информации

1,0

5.5 для организации питания учащихся и буфетов в учебных заведениях, реализующих общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего, профессионального образования, учебные программы технического и профессионального образования и общежитиях учебных заведений

0,5

5.6 для организации питания сотрудников и буфетов в зданиях, в которых располагаются государственные учреждения, с графиком работы не превышающим графики работ данных учреждений и предприятий с ограниченным доступом (с розничной торговлей)

0,9

5.7 для организации питания и буфетов в помещениях, в которых государственные юридические лица осуществляют уставную деятельность, с графиком работы не превышающим графики работ данных учреждений и предприятий (розничной торговлей)

1,2

5.8 для организации теплоснабжения, электроснабжения, водоснабжения и вывоза твердо-бытовых отходов

0,5

5.9 для предоставления услуг в сфере почтовой деятельности

1,0

5.10 для прочих

1,5

6

Коэффициент, учитывающий организационно-правовую форму нанимателя (Копф):


6.1 для некоммерческих организаций (кроме неправительственных организаций)

0,5

6.2 для неправительственных организаций

0,2

6.3 для прочих

1,0