Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-36/3 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 «Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3969 тіркелген, 2014 жылдың 23 қаңтарында «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген, Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Осы Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес әзірленді және Степногорск қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.»;
8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«8. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесінің немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) өтініші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағымен анықталады.»;
9, 10, 11, 12-тармақтарды шығару.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Смагин
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ғ.Көпеева
КЕЛІСІЛГЕН
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев