Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4703 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 6С-49/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.03.2020 № 6С-49/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
төрағасы
Х.Шәкенов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласы әкімінің міндетін
атқарушы
Э.Салықова
     

  Степногорск қалалық мәслихатының
2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3
шешіміне 1-қосымша

Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі қалалық бюджет қаражаты есебінен Степногорск қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/3 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 2-бөлімінің 9-тармағымен анықталады.

      4. Тұрғын үй көмегі жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі бар немесе тұрғын үйлерді жалға беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, аз қамтылған отбасыларға тоқсан сайын тағайындалады.

      5. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына орташа алғанда отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен шығындары есепке алынады.

      6. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру тиісті қаржылық жылға қарастырылған қала бюджетінің қаражаты мөлшерінде жүзеге асырылады.

      7. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі төлемдерін, тұрғын үй көмегін алушының жеке өтініші бойынша, өкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерінің басқару органдарының шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі айқындалды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      9. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептеледі.

      10. Жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын алғанда отбасының (азаматтың) белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      11. Тұрғын үй көмегі осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстардың нормалары мен шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      12. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр болып қабылданады. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы жалғыз тұратын азаматтар үшін отыз шаршы метр көлемінде белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем болмауы тиіс.

      13. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін электр қуатының шығын нормасы бір адамға айына 75 киловатт болып қабылданады.

      14. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар деректі шығындар бойынша анықталады, бірақ коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық болмауы тиіс.

      15. Белгiленген нормадан тыс төлем тұрғын жайдың меншiк иелерiмен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпыға бірдей негiзде жүргiзiледi.

      16. Қатты отын шығыны айына бір шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады, алайда, отбасына жылына бес тонна көмірден аспауы керек. Отынның құнын есептеу үшін статистикалық деректерге сәйкес алдыңғы тоқсанда Ақмола облысы бойынша қалыптасқан орташа бағасы есепке алынады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

  Степногорск қалалық мәслихатының
2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-36/3
шешіміне 2-қосымша

Степногорск қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3969 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған);

      2. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4443 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған);

      3. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/5 "Степногорск қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады