РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, "Бұланды ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/4 шешімінің негізінде Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
3. Ақмола облысы Бұланды ауданының әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда № 1-7-135 тіркелген "Бұланды ауданының ауылдық (селолық) жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Бұланды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № а-05/103 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | М.Балпан |
Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № а-04/125 қаулысына қосымша |
Бұланды ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:1) мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) қарт және жалғыз тұратын азаматтарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің басшысы;
2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
3) барлық мамандықтар мұғалімдері;
4) кітапханашы;
5) медициналық бике;
6) вожатый;
7) психолог;
8) әлеуметтік педагог.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) кітапханашы;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) аккомпаниатор.