Бұланды ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № А-05/103 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 маусымда № 1-7-135 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 сәуірде № а-04/125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 25.04.2014 № а-04/125 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 баптарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Бұланды аудандық маслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 4С-32/2 «Бұланды ауданының ауылдық (селолық) жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар, Бұланды ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулының күші 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

Бұланды ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ А-05/103 қаулысына қосымша

Бұланды ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім және
мәдениет мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары

1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман

2) күту бойынша әлеуметтік қызметкер

2. Білім мамандарының лауазымдары

1) мемлекеттік мекеменің басшысы

2) мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары

3) барлық мамандықтағы мұғалімдер

4) кітапханашы

5) мейірбике

6) тәрбиеші

7) вожатый

8) психолог

9) хореограф

10) нұсқаушы

11) музыкалық жетекші

3. Мәдениет мамандарының лауазымдары

1) кітапханашы

2) мәдени шараларды ұйымдастырушы аға маман

3) аккомпаниатор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады