Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № а-9/480 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қазанда № 4402 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б. Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 11 қыркүйектегі
№ а-9/480 қаулысымен
бекітілді

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен Ақсуат ауылы әкімімен ресімделетін шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.
      7. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 020806, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ақсуат ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 18 үй, 1 пәтер.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Ақсуат ауылы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
      14. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: ауыл әкімінің қызметін ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
      4) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;
      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауыл әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастырады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері:
      1) Өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
      18. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы Ережесіне сәйкес лауазымға тағайындалады, өкілеттілігі тоқтатылады және лауазымынан босатылады.
      19. Ауыл әкімі:
      1) мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес ауыл аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      3) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарда ауыл әкімі аппаратының мүддесіне өкілдік етеді;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған, шаралар қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ауыл аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалауға құқылы;
      6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 22.06.2015 № а-6/323 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауыл әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" Ерейментауского района Акмолинской области

Постановление акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 11 сентября 2014 года № а-9/480. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 октября 2014 года № 4402. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20 апреля 2016 года № а-4/152

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20.04.2016 № а-4/152 (вступает в силу и вводится в действие со дня подписания).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Типового положения государственного органа Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410, акимат Ерейментауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" Ерейментауского района Акмолинской области, согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Ерейментауского района З.Б. Жусупову.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким Ерейментауского района Е.Нугманов

  Утверждено
постановлением акимата
Ерейментауского района
от 11 сентября 2014 года
№ а-9/480

ПОЛОЖЕНИЕ
государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" Ерейментауского района Акмолинской области
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" Ерейментауского района Акмолинской области является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акима села.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые решениями и распоряжениями акима села Аксуат, и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 020806, Республика Казахстан, Акмолинская область, Ерейментауский район, село Аксуат, улица Богенбай батыра, дом 18, квартира 1.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" Ерейментауского района Акмолинской области.
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" осуществляется из республиканского и местных бюджетов, бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан.
      12. Государственному учреждению "Аппарат акима села Аксуат" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима села Аксуат.
      Если государственному учреждению "Аппарат акима села Аксуат" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссией государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" является обеспечение проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории.
      14. Задачи государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат": организационное и правовое обеспечение деятельности акима села.
      15. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" выполняет следующие функции:
      1) проводит в жизнь политику Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечение прав и свобод граждан;
      2) организует безусловное исполнение Законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области, района и села;
      3) реализует стратегию социально-экономического развития села;
      4) проводит анализ проблем социально-экономического развития села, готовит соответствующие предложения и рекомендации;
      5) проводит объективный анализ государственного органа, выявляет важнейшие проблемы подлежащие решению с участием акима села;
      6) содействует вопросу обеспечения законности и правопорядка, укреплению государственной и трудовой дисциплины, общественного порядка;
      7) рассматривает служебные документы и обращения граждан, организует их прием;
      8) осуществляет меры, направленные на надлежащее применение государственного и русского языков, соблюдение правил делопроизводства, улучшения стиля и методов работы государственного органа.
      16. Для осуществления своих функций государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" имеет права и обязанности:
      1) В пределах своей компетенции запрашивает и получает необходимые информации, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;
      2) использовать государственные транспортные средства, системы связи и коммуникаций;
      3) привлекать к работе специалистов, представителей правоохранительных, финансовых, налоговых и других государственных органов, в том числе на договорной основе;
      4) вносить акиму района предложения по совершенствованию структуры деятельности органов государственной власти;
      5) соблюдать требования трудового законодательства Республики Казахстан, трудового договора, изданных им актов;
      6) обеспечивать работникам профессиональную подготовку, переподготовку и повышение их квалификации.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима села Аксуат" осуществляется акимом села, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима села задач и осуществление им своих функций.
      18. Аким села избирается на должность, прекращает полномочия и освобождается от должности в порядке, установленными Правилами избрания на должность, прекращения полномочий и освобождения от должности акимов городов районного значения, сельских округов, поселков и сел Республики Казахстан, не входящих в состав сельского округа, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 555.
      19. Аким села:
      1) определяет обязанности и полномочия специалистов государственного органа;
      2) налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников аппарата акима села;
      3) представляет аппарат акима села в государственных органах и других организациях;
      4) принимает меры, направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;
      5) вправе рассматривать дела об административных правонарушениях и налагать административные взыскания за административные правонарушения, согласно Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", совершенные на территории села;
      6) осуществляет другие полномочия в соответствии с законодательством.
      Сноска. Пункт 19 с изменением, внесенным постановлением акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 22.06.2015 № а-6/323 (вводится в действие со дня официального опубликования).

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима села Аксуат" относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Аппарат акима села Аксуат" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и управление государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима села Аксуат" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.