РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Еңбекшілдер ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ө.Рақымжанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Есполов |
КЕЛІСІЛДІ
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының әкімі |
А.Садуақасұлы |
Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 28 ақпандағы № С-27/5 шешімімен бекітілген |
Еңбекшілдер ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Еңбекшілдер ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы қағидасы (бұдан әрі – қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106, қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасына сәйкес әзірленді және Еңбекшілдер ауданының, ауылдардың, ауылдық округтердің, Степняк қаласы көшесінің, көппәтерлі тұрғын үйдің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің және тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.2. Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласының, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Степняк қаласының, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.Еңбекшілдер ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Жаңа дәуір - Сельская новь" газеті арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Степняк қаласының, ауылдың және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Степняк қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Степняк қаласының, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Степняк қаласының, ауылдың және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жалпы санының 5 % мөлшерінде ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Степняк қаласының, ауыл және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.