Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 03.05.2019 № А-5/188 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № А-2/36 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1-12-142 тiркелген, 2011 жылдың 1 наурызында аудандық "Целинное знамя" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 4 жолындағы "Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" сөздері "Ауыл шаруашылығы бөлімі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |