Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 30.03.2015 № 5С-40/13 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 5С-19/3 Жарқайың аудандық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3738 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 мамырда аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:»;
Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрлігі немесе «электрондық үкімет» веб-порталы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) белгіленген нысанда (не сенімхат бойынша оның өкілі) тапсырады.
Қажетті құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 тараудың 9 тармағымен анықталады.»;
11, 12, 13 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Д.Меджидов
Аудандық мәслихат
хатшысы Ұ.Ахметова
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев