Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 13.01.2015 № 34-274 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрған үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 «Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-14-184 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Зеренді» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының:
1 тармақтың 5 азат жолы алынып тасталсын;
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.»;
10 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;»;
10 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В.Соболев
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Қ.Ауғалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімі М.Тәткеев