Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 4-30 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 мамырда № 1-14-184 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 34-274 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 13.01.2015 № 34-274 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-120 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-120 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Зеренді аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстау үшін төлем етуге тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 34-217 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-14-148 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 желтоқсанда аудандық «Зеренді» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В.Соболев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ.Ауғалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Зеренді ауданының әкімі                    Е.Б.Маржықпаев

Зеренді аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 25 сәуірдегі 
№ 4-30 шешімімен    
БЕКІТІЛДІ       

Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Ескерту. Қағиданың барлық мәтіні бойынша "Ереже" деген сөздер "қағида" деген сөздермен ауыстырылды; "отбасыларға (азаматтарға)" деген сөздердің алдында "аз қамтылған" деген сөзімен толықтырылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-120 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Зеренді ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен Зеренді ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну төлемін;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына төлеуге берiледi.
      Ескерту. Қағиданың 1 тармағына өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2012.11.23 № 9-72; 16.04.2014 № 25-211 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығындар үлесінің шегі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 % мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. Қағиданың 2 тармағы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 25-211 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі. Жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы отыз шаршы метр.
      4. Жергілікті жылумен қатты отынды тұтынуға өтемақы нормасы өтініш беру тоқсанында отбасыға, жылу беру маусымына бес тонна деп белгіленсін. Статистикалық мәліметке сәйкес өткен тоқсанда құрылған көмірдің орташа бағасы қабылдансын.
      5. Газ баллонмен жабдықтау кезінде өтемақы нормасы отбасының әр мүшесіне айына 0,5 газ баллоннан.
      6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловаттан белгіленсін.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган болып «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықталды.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу

      8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
      9. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеулер жүргізеді.
      10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесі немесе жалдаушының (қосымша жалдаушының) келесі құжаттар қоса берілген өтініші негізінде тағайындалады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
      2) тұрғын үйге құқықтылығын белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасы мүшелерінің табыстарын растайтын құжаттар;
      5) отбасы мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер (мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, еңбек шарты);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары.
      7) алынып тасталды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 25-211 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағиданың 10 тармағына өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.04.2014 № 25-211(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар аз қамтылған отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттармен қоса қосымша келесілерді ұсынады:
      1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
      2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
      12. Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтері төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар аз қамтылған отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсету шартының көшірмесі.
      13. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдері шығындарына жәрдемақы алу құқығы бар аз қамтылған отбасылар (азаматтар) 10 тармақта көзделген құжаттардан басқа келесілерді ұсынады:
      жергілікті атқарушы орган ұсынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің мөлшері туралы шоттар.
      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
      15. Қайта өтініш берген кезде 10 тармағындағы 1, 2, 3, 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер туындаған жағдайда ұсынылады.
      16. Тұрғын үй көмегi меншiгiнде бiр бiрлiктен көп тұрғын үйi (пәтер, үй) немесе тұрғын үйiн жалға беретiн, сондай-ақ еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, күндiзгi бөлiмде оқымайтын, әскер қатарында емес және «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшелерi бар отбасылардан (күтiм көрсетуге мұқтаж адамдардың күтiмiн жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) басқа аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әр тоқсан сайын тағайындалады.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі жағдайда шығарады:
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған төлемдер, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға белгілеген 11 % (пайыз) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса.
      Ескерту. 17 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-120 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18. Өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі он күнтізбелік күн ішінде қарастырып тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді шығарады.
      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе бас тарту туралы хабарлама «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінген кезде тікелей өзі баруы немесе пошталық хабарлама арқылы жасалады;
      20. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге өкілетті органдарға жібереді. «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегін тағайындалуына әкелген әдейі жалған мәліметтер берілсе, заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
      21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу "Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе пошта байланыс бөлімшелері арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 21 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 24.04.2013 № 13-120 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының
(азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      22. «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады