РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданы әкімдігінің "Целиноград ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № А-3/152 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 мамырда № 1-17-174 тіркелген, "Призыв" 2012 жылғы 8 маусымдағы № 23 газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
қаулының 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
осы қаулының қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Целиноград ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесі".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Тоқтамысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Мауленов |