Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. "Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" Бурабай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 5С-27/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 сәуірде "Бурабай" және "Луч" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
2) шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын".
2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
XXХIV (кезектен тыс) | |
сессиясының төрағасы | Т.Жалмағамбетов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Ө.Бейсенов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |