Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 5С-27/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 наурызда № 4059 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 6С-56/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5С-34/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Бурабай ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және мың бес жүз еселі айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.09.2014 № 5С-34/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихаттың


XXVII (кезектен тыс)


сессиясының төрағасы

П.Проскурин

Аудандық мәслихаттың


хатшысы

Ө.Бейсенов

КЕЛІСІЛДІ


Бурабай ауданының әкімі

Н.Нұркенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады