РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XXХVI (кезектен тыс) сессиясының төрағасы |
Қ.Байбуров |
Аудандық мәслихат хатшысының міндеттерін атқарушы |
Ж.Бектұров |
КЕЛІСІЛДІ
Бурабай ауданының әкімі | Т.Ташмағамбетов |
Бурабай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/4 шешімімен бекітілген |
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.2. Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі шақырады.Бурабай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі шегінде бөлек жиынды өткізуді Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі ауылдарының ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасына қосымша |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 11.06.2015 № 5С-43/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.Елді мекеннің атауы | Бурабай ауданының Абылайхан ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Қызылағаш ауылы | 5 |
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Ақылбай ауылы | 3 |
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Жаңа Қарабауыр ауылы | 2 |
Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің Озерное ауылы | 2 |