Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 29.06.2015 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау Қағидаларының 8-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
Ақтөбе облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Тағымовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
А.Мұхамбетов |
КЕЛІСІЛДІ |
|
Қазақстан Республикасының |
|
Ауыл шаруашылығы министрі |
Мамытбеков А. |
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Ақтөбе облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі
Р/с № |
Басымды дақылдардың атауы |
1. |
Жазғы жұмсақ бидай |
2. |
Басқа дәнді (күзгі) және дәндібұршақ дақылдары |
3. |
Майлы дақылдар |
4. |
Картоп |
5. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін картоп |
6. |
Көкөніс-бақша дақылдары |
7. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін көкөніс-бақша дақылдары |
8. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін сүрлемге (дәнге) жүгері және майлы дақылдар |
9. |
Астық қоспасы (жемдік астыққа немесе балауса азықтыққа) |
10. |
Жемшөптік дақылдары, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылдарындағы көпжылдық бұршақты шөптер |
11. |
Көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші жылдарындағы шалғындандыруға және (немесе) түбегейлі шабындық және (немесе) жайлымдық жерлерді жақсартуға (өткен жылдың күзінде егілгенімен қоса) егілген (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) |
12. |
Суармада өндіретін мал азығы дақылдары, оның ішінде көпжылдық бұршақ шөптер бірінші, екінші және үшінші жылдарындағы және шалғындандыруға және (немесе) түбегейлі шабындық және (немесе) жайлымдық жерді жақсартуға егілген көпжылдық шөптер (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) |
13. |
Өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдары (жылдық нормасы) |
14. |
Фермерлік жылыжайда өндірілетін көкөніс дақылдары (жылдық нормасы) |
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
№ п/п |
Басымдықты дақылдардың атауы |
1 гектарға бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге |
1. |
Жазғы жұмсақ бидай |
450 |
2. |
Басқа дәнді (күзгі) және дәндібұршақ дақылдары |
1 600 |
3. |
Майлы дақылдар |
3 600 |
4. |
Картоп |
50 000 |
5. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін картоп |
55 000 |
6. |
Көкөніс-бақша дақылдары |
50 000 |
7. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін көкөніс-бақша дақылдары |
55 000 |
8. |
Тамшылатып немесе спринкерлік суару тәсілмен өндірілетін сүрлемге (дәнге) жүгері және майлы дақылдар |
27 000 |
9. |
Астық қоспасы (жемдік астыққа немесе балауса азықтыққа) |
1 600 |
10. |
Жемшөптік дақылдары, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылдарындағы көпжылдық бұршақты шөптер |
3 600 |
11. |
Көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші жылдарындағы шалғындандыруға және (немесе) түбегейлі шабындық және (немесе) жайлымдық жерлерді жақсартуға (өткен жылдың күзінде егілгенімен қоса) егілген (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) |
3 600 |
12. |
Суармада өндіретін мал азығы дақылдары, оның ішінде көпжылдық бұршақ шөптер бірінші, екінші және үшінші жылдарындағы және шалғындандыруға және (немесе) түбегейлі шабындық және (немесе) жайлымдық жерді жақсартуға егілген көпжылдық шөптер (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) |
25 000 |
13. |
Өндірістік жылыжай кешендерде өндірілетін көкөніс дақылдары (жылдық нормасы) |
2 500 000 |
14. |
Фермерлік жылыжайда өндірілетін көкөніс дақылдары (жылдық нормасы) |
1 700 000 |