Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығын қараңыз.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабынын 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 575 қаулысымен   
бекітілген      

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялар (бұдан әрi – субсидиялар) төлеудiң тәртiбiн айқындайды.
      2. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын арзандатуға (40 %-ға дейiн) бөлiнедi.
      3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағытқа сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстардың әкімдері оларды облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыт бойынша басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.
      5. Субсидиялар алуға арналған АШТӨ тiзiмiн айқындау үшiн әрбiр ауданда (облыстық маңызы бар қалада, Астана және Алматы қалаларында) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкiмiнiң шешiмiмен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК) құрылады.
      ВАК құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімдігі, оның ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері мен басқармалары, ауылдық округ әкімі;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның аумақтық инспекциялары;
      3) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының тиісті облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының аудандарындағы, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардағы филиалы;
      4) аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдар (бар болса).
      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, Астана және Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қала бойынша – қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі – бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      6. Бөлiм қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайларды ескере отырып, субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау күнін белгілейді, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының) жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспасөз басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыру, ВАК-тың жұмыс тәртiбiн және басқа да қажеттi мәлiметтердi орналастырады.
      7. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді.
      8. Облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) (1 гектарға) белгіленеді.
      Бұл ретте, басым ауылшаруашылық дақылдардың тізбесі мен субсидиялар нормалары әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептерін қоса бере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келіскеннен кейін уәкілетті органға ұсынылады.

2. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың және ауыл шаруашылық
дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын
арзандатуға субсидиялар төлеу тәртiбi

1. Субсидиялар төлеу шарттары

      9. Субсидиялар уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдар белгілеген 1 гектарға арналған субсидиялар нормалары бойынша басым ауылшаруашылық дақылдары бойынша төленеді.
      10. Басым дақылдар өндіруді және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты субсидияларды төлеу:
      1) дәндi дақылдар (күрiштен, дәндік жүгерiден басқа) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.
      Бұл ретте:
      егіс Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген және (немесе) перспективалы деп танылған сорттардың үшінші репродукциясынан төмен емес тұқымдарымен жүзеге асырылады;
      субсидиялар нормаларын төлеу дәнді дақылдардың әрбір түрі бойынша олардың өңірлердегі басымдылығына қарай сараланған түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
      2) майлы дақылдар, күрiш, дәндік жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, мақта, көкөнiс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдарын қоспағанда), жемшөптiк дақылдар, оның iшiнде бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер және картоп бойынша – егiс науқанының қорытындысы 1 гектарға 100 %.
      Бұл ретте мақта мен күрiш өсiрумен айналысатын және мақта мен дәндік жүгерiнің егіс алаңы 50 гектардан кем, ал күріштің егіс алаңы 200 гектардан кем АШТӨ-ге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативiне не су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативiне қатысушы болып табылмаса, субсидиялар нормасының 50 %-ы мөлшерiнде субсидия төленедi;
      3) қант қызылшасы бойынша (фабрикалық).
      егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға - 50 %;
      қант зауытына (қолда бар қайта өңдеу қуатына сәйкес) өткізілген немесе қайта өңдеуге тапсырылған 1 тонна қант қызылшасына – 50 %;
      4) қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типі мен уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен мақұлданған көкөніс дақылдарын өсіруге жұмсалған шығын нормативтеріне қарай сараланған түрде, алынған өскiн қорытындылары бойынша бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша әрбiр ауыспалы дақылға жеке - 50 % (1 шаршы метрге өскен көшеттің кемiнде 95 %-ы).
      Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн (қысқы-көктемгi және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен 15 күнге ауытқуға рұқсат етіледі.
      Жылыжайлар типтері бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.
      Өнеркәсіптік жылыжай кешендері – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 0,5 га жалпы мүкәммалдық ауданы және қосалқы (әкімшілік, санитариялық-тұрмыстық, өндірістік және қоймалық) құрылыстары, ғимараттары және үй-жайлар бар қорғалған топырақтың құрылыстар кешендері. Өнеркәсіптік жылыжай кешендері өсімдіктерді жыл бойы өсіру жөніндегі технологиялық процестің параметрлерін (температура-ылғал режимі, жарық режимі, газдық құрам және ауаның қозғалу жылдамдығы, суару суының сапасы мен өсімдіктердің минералдық қорегі) бақылаудың және барынша еңбекті көп қажетсінетін жұмыстарды механикаландырудың техникалық құралдарымен жарақталады.
      Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс және/немесе гүл дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың өсімдерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін арналған жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы.
      5) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) – 1 гектар егіске 100 % жүзеге асырылады.
      11. Субсидиялар нормасы мынадай жағдайларда:
      1) көкөнiс-бақша дақылдарын ашық топырақта, майлы дақылдар, дәндiк жүгерi, сүрлемдiк жүгерi, картоп, қант қызылшасы мен мақтаны өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйелерiн, өнеркәсiптiк үлгiдегi сплинкерлік суару жүйелерiн қолдана отырып өсіргенде. Бұл ретте өнеркәсiптiк үлгiдегi тамшылатып суару жүйесi: сорғы станциясын, гидроциклонды (немесе сүзгiш қондырғыларын), гидроазықтандырғышты, қысым реттегiштi (механикалық немесе автоматты типті), су өлшегiштi және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесiн қамтуға тиiс;
      2) суармалы түрде көп жылдық және бір жылдық шөптерді, оның ішінде бiрiншi, екiншi және үшiншi жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақты шөптерді және шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көп жылдық шөптерді (көп жылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) өсіргенде ұлғайтылады.
      12. Субсидиялар егiстiк жерде өсiрiлетiн оңтайлы мерзiмде себiлген басым ауылшаруашылық дақылдарының және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық жерге шөп егiп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алқаптарына ғана төленедi.
      Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзiмдерi және оңтайлы себу мерзiмдерi ғылыми ұйымдардың қорытындылары негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының әрбiр түрi бойынша бөлімнің шешiмiмен айқындалады.

2. Қажетті құжаттар тізбесі

      13. АШТӨ бөлім белгілеген өтінім қабылдаудың басталу және аяқталу күнінен кешіктірмей бөлiмге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасының бір данасын ұсынады.
      14. Дәндi дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
      1) субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде:
      аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егіске пайдаланылған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың (тұқымға аттестат не тұқымға куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсі) бар екенін көрсетеді.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сұрыптардың үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;
      2) мыналарды:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған және бөліммен келісілген) көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасының) (АШТӨ растаған) көшірмесін ұсынады.
      Бұл ретте, 2015 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасымен (сызбасымен) бірге АШТӨ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес танаптар мен ауыспалы егістер тарихы кітабының көшірмесін ұсынады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген құжаттардың көшірмесін АШТӨ және бөлім куәландырады және бөлімде сақталады.
      15. Өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарттардың бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      16. Қорғалған топырақта көкөнiс өсiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша жылыжайдың техникалық паспортының немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      17. АШТӨ лизинг шартының негізінде ауылшаруашылық дақылдарының тұқымын сатып алған кезде субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде қосымша лизинг шартының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

3. ВАК жұмысының тәртібі

      18. Бөлiм өтiнiмдер мен құжаттарды алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi және ВАК-тың қарауына енгiзедi. АШТӨ осы Қағидалардың 13 – 17-тармақтарында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар 5 жұмыс күні ішінде АШТӨ-ге пысықтауға қайтарылады.
      19. ВАК үш жұмыс күнi iшiнде бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алуға үмiткер АШТӨ тiзiмiн жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана мен Алматы қалаларына) жеткiзiлген басым ауылшаруашылық дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн бөледi.
      20. АШТӨ өтiнiмдерi ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана мен Алматы қалаларына) жеткiзiлген басым ауылшаруашылық дақылдары бойынша субсидиялау көлемiнен асып түскен жағдайда ауылдық тұтыну кооперативтерiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi мүшелерiнің өтінімдеріне басымдық берiледi, ал қалған көлем берiлген өтiнiмдерге барабар бөлiнедi.
      21. Субсидиялар алу үшiн АШТӨ егiс науқаны аяқталғаннан кейiн, бiрақ осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес белгiленген себу мерзiмiнен кешiктiрмей, бөлiмге дақылдардың түрлерi бойынша нақты себу алаңы мен мерзiмдерiн көрсете отырып, егiс науқанының аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады.
      22. Бөлiм егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскiндердiң болуын, сондай-ақ АШТӨ-нiң ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасында (сызбасында) не танаптар мен ауыспалы егістер тарихының кітабында көрсетiлген егіс айналымдарының сақталуын шолып тексеру мақсатында екi апта мерзiмде ВАК мүшелерiнiң (келісім бойынша) АШТӨ шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады.
      23. ВАК мүшелерiнің (келісім бойынша) тексеру қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткен жылғы күздiк дақылдарды (қыстап шыққаннан кейiн) және көп жылдық шөптерді қоса алғанда, егiстiктi қабылдау актiсiн (бұдан әрi – қабылдау актiсi) жасайды.
      Қабылдау актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi АШТӨ-де, бiреуi – ВАК-та және бiреуi – облыстың (Астана және Алматы қалаларының) ауыл шаруашылығы басқармасында (бұдан әрi – басқарма) қалады және қабылдау актiсiн аудан (қала) әкімі бекітеді.
      24. ВАК қабылдау актiсiнiң және АШТӨ бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде егiстiктi соңғы қабылдау жүргiзiлгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға АШТӨ-нiң түпкiлiктi тiзiмiн (бұдан әрi – тiзiм) жасайды және оны аудан әкiмiне, ал облыстық маңызы бар қалалар, Астана және Алматы қалалары бойынша – қала әкiмiне бекiтуге жолдайды.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана және Алматы қалалары) әкімі екі жұмыс күні ішінде АШТӨ-нiң тiзiмiн бекітеді.
      АШТӨ-нi тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, тексеру жүргiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм АШТӨ-ге бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi.
      Осы Қағидалардың 13 – 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың толық топтамасын ұсынбау не осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімдерін бұзу, егілген алаңдардың мәлімделген мөлшерлерге сәйкес келмеуі жағдайлары субсидиялар беруден бас тартуға себеп болып табылады.
      25. Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде басқармаға аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, Астана және Алматы қалаларының) әкiмдерi бекiткен тiзiмдi, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасын бір данада ұсынады.

4. Субсидиялар төлеу тәртібі

      26. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АШТӨ-ге, лизинг берушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.
      Төлем жүргiзген кезде басқарма бес жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсынады.
      Тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін жүзеге асыратын осы Қағидалардың 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиесілі субсидияларды АШТӨ-нің банк шоттарына аударуды басқарма тиісті жылдың 15 қыркүйегіне дейін жүзеге асырады.
      27. Басқарма тиiстi жылдың 5 шiлдесiне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi органға субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау   
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң  
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,   
жанар-жағармай материалдарының және  
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да    
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын  
субсидиялау қағидаларына      
1-қосымша             

_____________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,
Астана және Алматы қалаларының)
ведомствоаралық комиссиясына

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға
субсидиялар алуға өтінім

____________________________________________ негізінде әрекет ететін
      (құрылтай құжаты)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
атынан бірінші басшы ________________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
мынадай алаңда ауылшаруашылық дақылдарының төмендегідей түрлерін
өсіру үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті
жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормалары бойынша бөлуді
сұрайды:

_________ га _______________________ ___________ га _________________
(алаңы)             (дақыл)             (алаңы)          (дақыл)
_________ га _______________________ ___________ га _________________
(алаңы)             (дақыл)             (алаңы)          (дақыл)
_________ га _______________________ ___________ га _________________
(алаңы)             (дақыл)             (алаңы)          (дақыл)

Р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, га


оның ішінде шабындық


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген тұқымға аттестат не тұқымға куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiлері

нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сұрыбы


репродукция


5.

Қант зауытымен жасалған қант қызылшасын сатып алу-сату шарты (өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының көлемі


6.

Алыс-беріс қант қызылшасын қайта өңдеу қызметтерін көрсету туралы шарт (өндірілген қант қызылшасының 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының көлемі


7.

Жылыжайдың техникалық паспортының немесе жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы анықтамасы (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын АШТӨ үшін)

мекенжайы


кадастрлық нөмірі


түгендеу нөмірі


нысаналы мақсаты


қор санаты


8.

Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты

шарт нөмірі


лизинг беруші


9.

Ауылдық тұтыну кооперативiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы ________ ______________________________________________________
        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                         құжатта бар болса)

МО

20__ жылғы «__» _____________

Өтініш 20______ жылғы «________» ________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
өтінішті қабылдаған жауапты адамның (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
          (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

АШТӨ-нің заңды мекенжайы:
__________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау   
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң  
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,   
жанар-жағармай материалдарының және  
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да    
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын  
субсидиялау қағидаларына      
2-қосымша             

«Бекітемін»       
_______________________________________
(облыстың атауы)          
_______________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,
Астана және Алматы қалаларының) әкімі
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)      

20 жылғы « »

АШТӨ-нің егістіктерін және екпелерін қабылдаудың
20__ жылғы « »
№ актісі

Біз, төменде қол қоюшылар,
ВАК төрағасы:
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері:
_____________________________________________________________________
                        лауазымы, Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және
_____________________________________________________________________
                        (АШТӨ атауы)
__________________ басшысы екінші тараптан 20___ жылы мынадай алаңда
төмендегі басым ауылшаруашылық дақылдары өскінінің алынған
(отырғызылғаны) туралы осы актіні жасадық:
га ____________________________ га __________________________________
га ____________________________ га __________________________________
га ____________________________ га __________________________________

ВАК төрағасы ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері: _______________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
АШТӨ: _______________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау   
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң  
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,   
жанар-жағармай материалдарының және  
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да    
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын  
субсидиялау қағидаларына      
3-қосымша             

«Бекітемін»         
_______________________________________
(облыстың атауы)         
_______________________________________
ауданының (облыстық маңызы бар қаланың,
Астана және Алматы қалаларының) әкімі
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)       

20 жылғы « »

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың, ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға субсидиялар алуға
арналған _________ ауданының, облыстық маңызы бар қалалардың,
Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерінің тізімі

Р/с

АШТӨ атауы

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері, теңге

Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6













ВАК төрағасы ________________________________________________________
                                (қолы, Т.А.Ә.)
_______________________________________ ауданының ____________ бөлімі
        (қолы, Т.А.Ә.)

МО

ВАК мүшелері:
_______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
_______________________
(қолы, Т.А.Ә.)

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау   
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң  
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,   
жанар-жағармай материалдарының және  
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да    
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарын  
субсидиялау қағидаларына      
4-қосымша             

«Бекітемін»         
Басқарма бастығы      
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)       

20___ жылғы «___» _______

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге
арналған ведомость

Р/с

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, лизинг берушінің атауы

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері, теңге

Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6













Басқарманың қаржы бөлімінің басшысы
_____________________________________________________________________
                             (қолы, Т.А.Ә.)
Бөлім басшысы
_____________________________________________________________________
                             (қолы, Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады