Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 24.06.2015 № 229 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Ақтөбе облысы әкiмдігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 86 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3863 болып тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мына мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
7-тармақта "қосымшасына" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
7-тармақта "қосымшасына" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасында "қосымша" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2.
"Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. |
Р.Кемалова |
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы