Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.06.2015 № 207 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына, облыс әкімдігінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 113 "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қайта құрылуы туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 156 "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3919 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 маусымда "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы "және индустриялық-инновациялық даму" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы "облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Қ.Әбдібековке" деген сөздер "облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтағы "және индустриялық-инновациялық даму" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы "қосымшасына" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
регламенттің қосымшасындағы "қосымша" деген сөздің алдына "1-" деген санмен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын "8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Облыс әкімі |
А.Мұхамбетов |
Облыс әкімдігінің |
Мемлекеттiк қызмет көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығы