Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Омаров |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Қала атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар (саны) |
1 | Ақтөбе қаласы | 1360 |
барлығы | 1360 |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 2 қосымша |
Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||
Балабақшалар | Шағын орталықтар | |||||
Балалар жарты күн болатын | балалар толық күн болатын | |||||
Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | Қалалық жерде | Ауылдық жерде | |
20000 | 23736 | 5321 | 6648 | 11188 | 13915 |
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 1502 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың күніне бір тәрбиеленушіге ақы төлеу мөлшері
Мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | ||
Балабақшалар (орталықтар) | Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар | ||
Ұйымдарда болу ұзақтығымен | |||
9-10, 5 сағат | 12 сағат | ||
400 | 420 | 400 |
Ескертпе: бір тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері 420 теңгеден артық емес.