Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.10.2014 № 1119 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1377 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1377 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 28 мамырдағы
№ 488 қаулысымен  
бекітілген    

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз
ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған
«Балапан» бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1377 қаулысымен.

1. «Балапан» бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

Атауы

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Негізгі әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Негізгі орындаушылар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы

Бағдарламаның мақсаты

Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру

Бағдарламаның міндеттері

2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету;
2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру;
мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру;
инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру);
оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту

Бағдарламаның іске асырылу мерзімі және кезеңдері

2010 – 2020 жылдар
I кезең – 2010 ж.
II кезең – 2011 ж.
III кезең – 2012 ж.
IV кезең – 2013 ж.
V кезең – 2014 ж. – 2016 ж.
VI кезең – 2017 ж. – 2018 ж.
VII кезең – 2019 ж. – 2020 ж.

Нысаналы индикаторлар

2010 – 2013 жылдар
1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған орындар саны – 271 268 орын;
2) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 71,5 %;
3) топтар толымдылығының орташа көрсеткіші – 25 бала;
4) 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 97 %;
5) бірінші және жоғары білікті санаттағы педагог қызметкерлер үлесі – 25 %.
2014 – 2020 жылдар
1) мектепке дейінгі білім жүйесінде қосымша ашылған жаңа орындар саны – 480 408 орын;
2) балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 100 %;
3) көптілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 50 %;
3) балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.с.с.) – 50 %;
4) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі – 15 %;
5) біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі – 50 %

Қаржыландыру көлемі мен көздері

Бағдарламаны 2011 – 2013 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 165 940 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 162 920,5 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен – 3 019,5 млн. теңге.
Бағдарламаны 2014 – 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 41 млрд. 242 млн. теңге;
жергілікті бюджет есебінен – 149 млрд. 294 млн. теңге

2. Кіріспе

      Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.
      Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
      1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілген, бір бөлігі бос қалған, қираған. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалар саны 1144-ке дейін азайды.
      Тәуелсіздік жылдарында республиканың мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
      2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде 142,1 мың орындық 2557 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 75 мың орындық 612 балабақша.
      2009 жылы 4972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді, олардың 2003-і балабақша. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 373 160 адамды немесе мектепке дейінгі балалар санының 38,7 %-ын құраған.
      Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 260 мыңнан астам бала тұрған, оның ішінде 147 084 мыңы – жасы 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар.
      Елдегі демографиялық процестер – республикадағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің өсуін айқындайтын факторлардың бірі; 2008 жылдан бастап балабақшалардан орын күтушілер саны 20,8 мың балаға өсті.
      Қазақстанда соңғы 20 жылда бала тууды талдау барысы: 1990 – 1999 жылдарда туудың төмендегенін, ал 2000 – 2013 жылдары бала туу орташа есеппен 13 мың адамға артқанын көрсетті, кейіннен ол мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің жылына 5–7 %-ға артуына негіз болды.
      Бағдарлама елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шаралар қабылдауды, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
      2012 жылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) Қазақстанның Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 100 % қамтуды қамтамасыз ету міндетін алға қойды, осыған байланысты «Балапан» бағдарламасын іске асыру мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту және мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістерін әзірлеу тапсырылды.
      Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға құқығы мынадай мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен қамтамасыз етіледі:
      1) бөбекжай;
      2) балабақша;
      3) отбасылық бөбекжай;
      4) санаторлық бөбекжай;
      5) «мектеп-балабақша» кешені;
      6) мектепке дейінгі шағын орталық.
      Бағдарламаны іске асырудың үш жылында мектепке дейінгі ұйымдар саны жеке меншік балабақшалар салу, ашу және бұрын жекешелендірілген балабақша ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру және тұрғын үй кешендерінің 1-ші қабаттарында ашу сияқты қолданысқа берудің басқа да тәсілдері есебінен 288,3 мың орындық 4 мыңнан астам бірлікке (1211 балабақша мен 2811 шағын орталық) көбейді.
      Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2012 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 71,5 %-ды құрады.
      Осындай нәтижелерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесін дамыту мәселелерін нормативтік-құқықтық реттеу бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
      Сонымен қатар 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінде 406 мыңнан астам бала тұр, оның ішінде 196,6 мыңы – жасы 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар.
      Бағдарлама балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен толық қамтуды және мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ 120 мыңнан астам (2014 ж. – 17,8 мың адам, 2015 ж. – 14,8 мың адам, 2016 ж. – 15,2 мың адам, 2017 ж. – 11,8 мың адам, 2018 ж. – 13 мың адам, 2019 ж. – 18,2 мың адам, 2020 ж. – 37,9 мың адам) адамның жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ағымдағы
жай-күйін талдау

      Қазақстандағы заманауи қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай баланың зияткерлік, жеке және дене дамуын қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамытуға ықпал етеді.
      Азаматтарды, отбасын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз ететін нормалар қабылданды.
      Сөйлеу, ақыл-ой, эмоциялық-ерік саласы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламалары әзірленіп, сынақтан өткізілді.
      Балабақшаға бармайтын балалар үшін мектеп жасына дейінгі балалардың үй жағдайларында дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Язык детской игры» атты білім беру курсы әзірленді.
      Заманауи жағдайларда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
      Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында Бағдарламаны іске асыру басталғанда 29,8 мың адам жұмыс істеді, оның ішінде жас педагог қызметкерлер – 8,3 мың (27,9 %).
      Балабақшалардың педагог қызметкерлерінің білім беру деңгейі жақсару үрдісін көрсетуде: 54,4 %-ында жоғары білімі, 3,6 %-ында – аяқталмаған жоғары, 40,7 %-ында – арнайы орта, 1,3 %-ында – жалпы орта білімі бар.
      Педагог қызметкерлердің орташа жасы – 35-40 жас.
      25 жоғары оқу орнында және 31 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында (бұдан әрі – ТжКБ) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылады.
      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ТжКБ бітірушілерінің саны өсуде. Айталық, 2006 жылы 349 маман, 2007 жылы 528, 2008 жылы 705, 2009 жылы 750 маман даярланды. 2010 – 2014 ж.ж. ТжКБ оқу орындарының бітірушілердің межеленген саны 5884 адам.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түлектері заңнамаға сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға арналған медбикенің 1,5 ставкасы және диеталық бикенің 0,5 ставкасы көзделген. Баланың дене және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайту жөніндегі міндеттерді орындайтын, физиотерапия кабинеттері бар ұйымдарда дәрігер лауазымының бір штат бірлігі көзделген.
      2010 – 2014 жылдары медициналық колледждерді бітіретін медбикелердің межеленген саны 720 адам, бұл 2010 – 2014 жылдары мектеп жасына дейінгі оқушыларға медициналық қызмет көрсетуге арналған кадрларға қажеттілікті қанағаттандырады.
      Бұдан басқа, шағын орталықтардағы, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің (МСАК) аумақтық ұйымдарында жүзеге асырылатын болады.
      Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру үрдісі байқалуда: 2006 жылдан бастап аталған көрсеткіш 2010 жылы 27,6 %-дан 38,7 %-ға өсті.
      Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік жеткізушілердің көрсетілетін қызметтерін қолдау жөніндегі шаралар қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда орналастыру практикасы бар.
      Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі 6770 елді мекеннің 4691-інде, немесе 69 %-ында мектепке дейінгі ұйымдар жоқ. Аталған факт білім беру ұйымдарын ашу үшін балалардың жоқтығымен немесе жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
      2006 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың бір түрі ретінде шағын орталықтар құрыла бастады және де 2010 жылы олардың саны 2969 бірлікке, ал контингенті 75 872 балаға жетті.
      Бағдарламаны іске асыру басталғанда бес-алты жастағы 271 мыңнан астам бала жалпы білім беретін 6430 мектептің базасында 1271 балабақшада мектепалды даярлықпен қамтамасыз етілді.
      Республикада мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілде, ал ұлттық топтардың шоғырланған жерде олардың ана тілдерінде тәрбиелеу мен оқыту қамтамасыз етіледі.
      2010 жылы 940 (46,9 %) мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесі қазақ тілінде, 260-ында (13 %) – орыс тілінде, 801-інде (40 %) – қазақ және орыс тілдерінде, 2-інде (0,1 %) – өзбек тілінде жүзеге асырылды.
      Әлемдік тәжірибе мектепте оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі болып табылатынын көрсетті. Айталық, Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ жасы 3-тен 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда жағдай осыған ұқсас. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай – бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі, балабақшалар – 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгі балалар үшін.
      2010 жылы мектепке дейінгі ұйымға баратын барлық балалар санының – 89,7 %-ын 3-6 жастағы балалар, 10,3 %-ын 2-ден 3 жасқа дейінгі балалар құрады. Бұдан басқа, республикадағы 9 облыстың балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс істеді, онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленген. 2007 жылдан 2009 жылға дейін бөбекжай топтарына баратын балалар санының 1305-тен 942-ге дейін азайғандығы байқалды.
      Елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеу проблемасы өзекті күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қажеттілік барлық өңірлерде байқалды: Бағдарламаны іске асыру басталғанда 1-ден 6 жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала мектепке дейінгі ұйымға кезекке тұру үшін тіркелген. Балабақша топтарындағы тығыздық: 100 орынға орташа есеппен алғанда республика бойынша 111 адамнан келді.
      2010 жылы мектепке дейінгі ұйымға орын алу үшін кезекке тіркелген 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 147084 адамды немесе балалардың жалпы санының 56,4 %-ын құрады.
      Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, балаларды оқу қызметіне сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
      Бағдарламаны іске асыру барысында мақсатқа қол жеткізуге кедергі жасайтын демографиялық процестерге байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін.
      Демографиялық процестердің серпіні оң болған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдарға қажеттілік туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны ұлғаяды.
      Тәуекел деңгейін азайту үшін балаларды қамту және мектепке дейінгі ұйымдар ашуды қаржыландыру үшін жыл сайынғы нақтылау кезінде Бағдарламада көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖС) тетігін жандандыру қажет.
      2013 жылғы 1 қаңтарда республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 644,3 мың адам барады.
      Оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і 39 арнайы балабақшада тәрбиелеумен қамтылған.
      Балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылуы 71,5 %-ды құрады.
      Халықаралық тәжірибені ескере отырып (Германияда, Жапонияда балалар толық күн болмайтын мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді), сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен кең ауқымда қамту мақсатында шағын орталықтар белсенді түрде ашылуда. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар санын арттыру негізінен шағын орталықтар желісін (шағын орталықтар – 63,5 %, балабақшалар – 36,4 %) дамыту есебінен қамтамасыз етілген.
      Бұл ретте жарты күн болатын шағын орталықтар саны басым. Тиісінше жарақтандырылған және толық күн болатын шағын орталықтар саны 2197 бірлікті құрайды (40,5 %). Шағын орталықтардың белсенді түрде ашылуы негізінен Шығыс Қазақстан (1160), Қостанай (4988), Солтүстік Қазақстан (505), Алматы (428) облыстарында байқалады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында білім беру саласындағы халықаралық негіз қалаушы құжаттарға сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білімге тең құқықтар қағидаты көзделеді.
      Бүгінде республикада инклюзивтік білім беру 2375 балаға арналған 166 балабақшада жүзеге асырылады, ол анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 14 %-ын құрайды.
      Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша және жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.
      Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға бару мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген.
      Жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-нің көпшілігі негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетеді.
      Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа негізде құру – өте жауапты әрі күрделі міндет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖБС) және шет тілдерін оқытуды қамтитын Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары бекітілді.
      МЖБС пен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламалары мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімі арасындағы сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді.
      Қазіргі таңда республикадағы мектепке дейінгі ұйымдарда 90-нан астам атауды қамтитын оқу-әдістемелік кешендері бар «Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз, «5-6 жастағы балаларды мектеп және 5-7 жастағы балаларды балабақша жағдайларында мектепалды даярлаудың жалпы білім беру бағдарламасы» пайдаланылады.
      Мектепке дейінгі білім берудің шетелдік тәжірибесінің технологиялары пайдаланылады.
      Мысалы, әр баланың даралығын дамыту негіз етіп алынған Монтессори технологиясы бойынша оқу материалдары. Н. Зайцевтің жүйесі бойынша оқыту балалардың оқу мен жазу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Баланың сезім аппараты арқылы Вальдорф педагогикасы (Штайнердің әдістемесі) дүниені табиғи жолмен тануын қамтамасыз етеді. Балаларды дамытуда Ф. Фребельдің текшелерін пайдалану баланы қарапайым геометриялық пішіндермен таныстыруға мүмкіндік береді.
      Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді.
      Бұл мынадай проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талабына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны МЖБС талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі.
      Қазіргі уақытта «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектепалды даярлықтың жалпы білім беру бағдарламасы» негізгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының, сондай-ақ «Балбөбек», «Қайнар» және т.б. баламалы бағдарламалардың мазмұны жаңартылуда.
      Қоғамымыздың барлық саласында болып жатқан жаһандық қайта құру мемлекетіміздің болашақтағы зияткерлік әлеуетін айқындайтын және оның өсіп-өркендеуіне жағдай жасайтын білім жүйесін де бейжай қалдырмады.
      Халықаралық тәжірибе заманауи білім берудің өзекті міндеттерінің бірі мектепке дейінгі жастағы зияткерлік тұрғыдан дамыған балаларды анықтау, оқыту мен тәрбиелеу болып табылатынын көрсетеді.
      Мәселен, Ресейде, Жапонияда, Финляндияда, АҚШ-та, Қытайда және т.б. дамыған елдерде әл-ауқаттың артуы ерте жастан бастап балалардың зияткерлік дамуына капитал салуымен байланысты. Осы мемлекеттердің бәрінде жаңа үлгідегі ұйымдардың желісі – мектепке дейінгі зияткерлік ұйымы арқылы іске асырылатын зияткер дамыған баланы тәрбиелеуде жаңа ақпараттық технологиялар мен ғылым жетістіктері пайдаланылады.
      Балалардың жалпы және арнайы зияткерлік қабілеттері зияткерлік пен креативтілік арақатынасы тұрғысынан В.П. Зинченко, П.Я. Гальперина, А.Н. Леонтьева, М.А. Холодной, А.М. Матюшкина, Д.Б. Богоявленской, Б.М. Теплова, С.Д. Бирюкова, А.Н. Воронина, Л.А. Венгер және т.б. Ресей ғалымдарының еңбектерінде айқындалған.
      Американдық психолог Брайан Дж. Кэрролл балалардың қабілеттерін зерделеу мен өлшеу кезінде олардың танымдық іс-әрекетіндегі орнын айқындау қажеттігін, яғни әрбір балаға оның жеке дамуы үшін жағдай жасау керектігін көрсетті.
      Қазақстандық мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың негізгі қағидаттары мен басымдықтары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында айқындалған. Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін түсіне отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеу жүргізілуде.
      Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерте жастағы балаларды дамытудың түрлі нысандарын дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізуде:
      1. Икемді режимдегі бөбекжай, бөбекжай-балабақша, шағын орталық желілерін кеңейту, жеке сектордағы күтіп-бағу мен қарау тобын, балаларды ерте жастан дамыту орталықтарын құру, сондай-ақ ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдардың жаңа типтері мен түрлерін құру (санаторлық бөбекжай, балалы аналарға арналған профилакторийлер және т.б.).
      2. Консультациялық пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабар тарату арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету.
      3. Ата-аналарды ағарту жөніндегі инновациялық технологиялар енгізу: үйрететін сайттар, қашықтықтан білім беру, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділін қамтамасыз ету.
      4. Ерте жастағы балалармен жұмыс істеу үшін гувернер-мамандар дайындау, сондай-ақ кадрлар қайта біліктілік беру жөнінде оқыту курстарын ұйымдастыру.
      5. Балалардың зияткерлік дамуы үшін (бесік жыры, ертегілер, аңыздар, эпостар және т.б.) адамгершілік-рухани құндылығы бар базамен қамтамасыз ету.
      6. Балаларды ерте дамыту бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту.
      7. Жеке білім беру мен өз балаларының біліміне инвестицияларды пайдалану жөніндегі ата-аналардың қамқоршылық кеңестерін қолдау тетігін әзірлеу.
      8. Балаларды ерте дамыту жөнінде іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
      Мемлекет бала 3 жасқа толғанға дейін оны күтіп-бағу бойынша демалыс кезінде қызметкерлердің жұмыс орнын сақтай отырып, аналарға қолдау көрсетеді. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағу бойынша әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды енгізу жоспарланып отыр.
      Сонымен қатар ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде оқыту және баланы күтіп-бағу жүйелерін бөлу жұмыс істейді. Бөбек жасындағы балалар, әдетте аналарының ерте күтіп-бағу жүйесімен қамтамасыз етілген. Бөбек жасындағы балаларды күтіп-бағу жүйесі оқытумен тығыз байланысқан Солтүстік Еуропа елдері (Норвегия, Финляндия, Швеция) бұған кірмейді.
      Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгін қалаушы мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысу жағдайын жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
      Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесін 12 жылдық оқытуға көшіруді ескере отырып, балаларды мектепте 3 жастан 6 жасқа дейін оқытуға дайындауды қамтамасыз ету қажет.
      Баланың жан-жақты дамуы үшін тиісті орта, яғни мектепке дейінгі зияткерлік ұйым қажет.
      Англия, Голландия, Австралия, Жаңа Зеландияның мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жұмысын талдау балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тартудың тиімділігін көрсетеді. Жұмыстың аталған нысаны республикамыздың жекелеген өңірлерінде ата-аналарға арналған консультациялық пункттер түрінде табысты енгізіле бастады. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді, мектепке дейінгі ұйымға бармайтын бала тұлғасының жан-жақты дамуын қолдауды қамтамасыз ету мақсатында республикада ата-аналарға арналған 1046 консультациялық пункт жұмыс істейді. Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Бағдарлама шеңберінде жер-жерде ата-аналарға арналған консультациялық пункттерді ашу жалғасады.
      Ел Президентінің халыққа жолдауы жаңа мәдениет пен миссияға ие, үш тілді (мемлекеттік, ұлтаралық келісім және қатынас тілі ретінде орыс және шет тілдері) меңгерген жаңа форматтағы адам тәрбиелеуді көздейді.
      1867 (59,6 %) балабақша және жалпы контингенті 340,4 мың бала болатын 3780 (69,2 %) шағын орталықта тәрбиелеу-білім беру процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады.
      310 (9,9 %) балабақшада және 1682 (29,8 %) шағын орталықта 92,1 мың бала орыс тілінде, 948 (30,3 %) балабақшада 211,5 мың бала орыс және қазақ тілдерінде және 3 (0,1 %) балабақшада 267 бала өзбек тілінде тәрбиеленуде.
      Мемлекеттік тіл мәртебесінің артуы қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті емес ұлт балалары санының өсуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда оларда орыс және басқа ұлттардың 93 мың баласы тәрбиеленуде.
      Балабақшаларда қазақ тілін оқыту оқу жоспарына енгізіліп, міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың штатында қазақ тілінің оқытушылары бар.
      Мемлекеттік тілді оқыту балалар іс-әрекетінің алуан түрлерінде және ойындар, тренингтер, экскурсиялар, мерекелер мен ойын-сауықтар сияқты жұмыстың түрлі нысандарында, сондай-ақ аудио, бейнематериалдарды, көрнекі құралдарды, үстел үсті ойындарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      Мектепке дейінгі ұйымдарда балалар іс-әрекетінің барлық түрлері мен бағыттары бойынша әдеби, дидактикалық, музыкалық және көрнекі-үлестірмелі материал іріктеліп, жүйеленген.
      Стратегиялық маңызды құжаттарды: 2011 – 2020 жылдарға арналған БДМБ және 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын қабылдау халықты мектепке дейінгі көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігіне ынталандырды және адамдардың мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға өтініш беруінің көбеюіне түрткі болды.
      Айталық, өсу үрдісі бар кезектіліктің неғұрлым жоғары деңгейі Оңтүстік Қазақстан (2010 жылы – 40,5 мың, 2012 жылы – 53,5 мың өтініш), Алматы (2010 жылы – 16,4 мың, 2012 жылы – 22,6 мың өтініш) облыстарында және Алматы (2010 жылы – 30,4 мың, 2012 жылы – 48 мың өтініш), Астана (2010 жылы – 39 мың, 2012 жылы – 68 мың өтініш) қалаларында сақталып келеді.
      Министрлік МЖӘ-нің жұмыс істеуіне аз көңіл бөліп отырған, бұл шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері үшін мектепке дейінгі білім беру секторының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.
      Қазіргі таңда балабақшаларда орын тапшылығының проблемасын шешу мақсатында білім беру саласындағы үш концессиялық жоба жоспарлау кезеңінде тұр:
      1) Өскемен қаласында 1 640 орындық алты балабақша салу және іске қосу (концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (бұдан әрі – ТЭН) әзірлену сатысында және Семей қаласында (концессиялық жобаның ТЭН-і әзірлену сатысында) 1 290 орындық 5 балабақша салу және іске қосу;
      2) Қарағанды облысының Теміртау қаласында 1 240 орындық төрт балабақша (конкурстық рәсімдерден өту сатысында) салу және іске қосу;
      3) Астана қаласында 1 440 орындық алты балабақша (инвестициялық ұсынысты әзірлеу сатысында) салу және іске қосу.
      Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін жетілдіру мақсатында Министрлік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығын қабылдады. Бұл ретте «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырыстың көлемін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
      Сондай-ақ «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес ата-аналардан тамақтану үшін ғана 100 % төлемақы алынады.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 3128 балабақша жұмыс істейді, оның 1115-і (35,6 %) ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
      Ыңғайластырылған ғимараттарда балабақшалар ашу кезінде «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына сәйкес барлық жағдайлар жасалуда. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда ыстық сусыз балабақшаларды 206 бірлікке, кәріз жүйесінсіз балабақшаларды – 38 бірлікке, суды тасып әкелетіндерді – 141 бірлікке, пешпен жылытатындарды – 26 бірлікке азайтуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, апатты жағдайдағы балабақшалар саны 7 бірлікке азайды және қазіргі уақытта олардың саны 3 бірлікті құрайды.
      Мектепке дейінгі ұйымдарда қозғалыс белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес спорт жабдықтарымен (швед баспалдақтары, гимнастикалық орындықтар, тренажерлер, степ-тақтайшалар, массаж жасайтын құралдар) жарақтандырылған спорт залдары бар.
      Балабақшалардың топтық бөлмелерінде ұсақ спорттық мүкәммалдар, спорт және қимыл ойындарының атрибутикасы бар дене тәрбиесінің бұрыштары жабдықталған.
      Финляндияның білім беру мекемелерінің орын-жайларын трансформациялау есебінен кеңістікті өзгерту бойынша инновациялық жобаларын зерделеу балалардың даму ортасын құру үшін балабақшалардың топтық орын-жайларын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді.
      Әрбір мектепке дейінгі ұйымның аумағында балалардың қимыл-қозғалыс, ойын әрекеті жүзеге асатын, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар өткізілетін ойын және спорт алаңдары жабдықталған.
      Заманауи жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 60422 адам (12957 – шағын орталықтардың педагогтері) еңбек етеді, оның ішінде жас педагогтер саны – 18387.
      Білім деңгейі: 58 %-ы жоғары білімді, бұл ретте арнайы мектепке дейінгі – 21,2 %, орта арнаулы – 37,9 %, оның ішінде мектепке дейінгі білімі барлар – 53 %.
      Қайта даярлау курстарынан өткен педагогтердің үлесі 26,1 %-ды құрады, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері – 760 адам, әдіскерлер – 873 адам, басқа мамандар – 1447.
      Мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың және енгізудің 2014 – 2020 жылдарға арналған қадамдық жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес 2020 жылға дейін кадрларға қажеттілік – 25 607 адамды (тәрбиешілер – 14 952, психологтар – 2 724, басқа мамандар – 4 894, басшылар – 3 037) құрайды, ол колледждер (8097 адам) мен ЖОО (37200 адам) бітірушілерімен қамтамасыз етілетін болады.
      Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың мектепке дейінгі білімі бар педагогтермен қамтамасыз етілуін талдау негізінен педагогтердің жоғары педагогикалық білімдері бейіні бойынша емес екендігін көрсетіп отыр. Бұл ретте аталған педагогтердің 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың 56 795 педагогі «Өрлеу» БАҰО» АҚ-та 2020 жылға дейін қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарымен жоспарлы түрде қамтамасыз етіледі.
      Баяндалғанды ескере отырып, басым және әлсіз тұстарды атап көрсетуге болады.
      Басым тұстары: Бағдарламаны іске асыру 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан орналастыру жеке меншік секторды білім беру саласына тартуды жалғастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру айтарлықтай өседі (5 % дан 15 %-ға дейін). Бұдан басқа мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасы, оның ішінде кадр құрамы жақсарады.
      Әлсіз тұстары: мектепке дейінгі ұйымдар желісі, типтік балабақшалардың құрылысын салу есебінен емес, негізінен баламалы желі (шағын орталықтар, мектепке дейінгі ұйым ашуға болатын бос тұрған ғимаратты ыңғайлау, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарында мектепке дейінгі ұйым ашу және т.б.) есебінен өседі.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері

1. Бағдарламаның мақсаты:

      Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру.

2. Бағдарламаның міндеттері

      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77,7 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету;
      2) 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлықпен толық қамтамасыз ету;
      3) республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;
      4) мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
      5) мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру;
      6) инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен және жеделсатылармен және т.б. жарақтандыру);
      7) оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту.

3. Нысаналы индикаторлар

      Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу мынадай индикаторлар бойынша көрсеткіштері бар аралық нәтижелерді салыстыру және өлшеу арқылы айқындалатын болады:
      1) мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қосымша ашылатын орындардың саны – 751 676;
      2) мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 100 %;
      3) топтардың толымдылығының орташа көрсеткіші – 25 адам;
      4) 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту – 100 %;
      5) жоғары және бірінші санатты біліктілігі бар педагог қызметкерлер үлесі – 25 %;
      6) көптілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдар үлесі – 25 %;
      7) балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, шашкалар, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.) – 50 %;
      8) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдар үлесі – 15 %;
      9) біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі – 50 %.

4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      2010 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 89 723 орын енгізілді, оның ішінде: 2011 ж. – 84657; 2012 ж. – 58441.
      2013 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-тен 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 72 %-ы қамтылады, оның ішінде: 2010 ж. – 55 %, 2011 ж. – 65,4 %, 2012 ж. – 71,5 %.
      Мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың орташа толымдылығының көрсеткіші 2010 ж. – 29 адамға; 2011 жылы – 28 адамға; 2012 жылы – 27 адамға; 2013 жылы – 26 адамға төмендеді.
      2013 жылға қарай мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы балалардың 98 %-ы қамтамасыз етілді, оның ішінде: 2010 ж. – 88,9 %, 2011 ж. – 90,4 %, 2012 ж. – 96 %.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санатты педагог қызметкерлерінің үлесі педагог қызметкерлердің жалпы санынан:
      2010 ж. – 23 %-ға; 2011 ж. – 24 %-ға; 2012 ж. – 24,5 %-ға, 2013 ж. – 24,8 %-ға; 2014 ж. – 25 %-ға дейін өседі.
      2014 – 2020 жылдары 480 408 жаңа орын енгізіледі, оның ішінде: 2014 ж. - 56 249; 2015 ж. – 48 834; 2016 ж. – 47 363; 2017 ж. – 41941; 2018 ж. – 44581; 2019 ж. – 52415; 2020 ж. – 189025.
      2020 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен – 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 100 %-ы қамтамасыз етіледі, оның ішінде: 2014 ж. – 76,3 %, 2015 ж. – 77,7 %, 2016 ж. – 80,2 %, 2017 ж. – 81,3 %, 2018 ж. – 82,7 %; 2019 ж. – 85 %.
      2020 жылға қарай көптілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 50 %-ды құрайды: оның ішінде 2014 ж. – 10 %; 2015 ж.– 15 %; 2016 ж. – 20 %; 2017 ж. – 25 %; 2018 ж. – 30 %; 2019 ж. – 35 %.
      Балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, шашкалар, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.) 2020 жылға қарай 50 %-ды құрайды, оның ішінде 2014 ж. – 10,5 %; 2015 ж. – 15,5 %; 2016 ж. – 20,5 %; 2017 ж. – 25,5 %; 2018 ж. – 30,5 %; 2019 ж. – 40,5 %.
      Инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесі – 15 %, оның ішінде 2014 ж. – 7 %; 2015 ж. – 8,5 %; 2016 ж. – 9,5 %; 2017 ж. – 10,5 %; 2018 ж. – 12 %; 2019 ж. – 13 %; 2020 ж. – 15 %.
      Біліктілікті арттырудан өткен педагогикалық қызметкерлердің үлесі 2020 жылға қарай 50 %, оның ішінде 2014 ж. – 15,5 %; 2015 ж. – 20,5 %; 2016 ж. – 25,5 %; 2017 ж. – 30,5 %; 2018 ж. – 40 %; 2019 ж. – 40,5 %.
      Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагог қызметкерлердің үлесі 2020 жылға қарай – 50 %-ды құрайды, оның ішінде 2014 ж. – 30 %; 2015 ж. – 30,5 %; 2016 ж. – 30,8 %; 2017 ж. – 40 %; 2018 ж. – 40,5 %; 2019 ж. – 40,8 %.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
      1-кезең – 2010 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 55 %-ына;
      2-кезең – 2011 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 65,4 %-ына;
      3-кезең – 2012 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 71,5 %-ына;
      4-кезең – 2013 жыл – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуың 72 %-ына;
      5-кезең – 2014 – 2016 жылдары балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 80,2 %-ына;
      6-кезең – 2017 – 2018 жылдары – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 82,7 %-ына;
      7-кезең – 2019 – 2020 жылдары – балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 100 %-ына қол жеткізу.
      Мектеп жасына дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету проблемасын:
      1) балабақшалар құрылысын жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту есебінен жүргізу;
      2) шағын орталықтар ашу, заңнамада белгіленген тәртіппен бұрын жекешелендірілген балабақшаларды беру және сатып алу, мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан, қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке меншік балабақшаларды ашуды ынталандыру;
      3) тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарын мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін пайдалану;
      4) 5-6 жастағы барлық балаларды мектепалды даярлауға мүмкіндік беру;
      5) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жаңарту және Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жетілдіру;
      6) «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» және «Сөйлейтін қалам «Зерек» технологиясын жалпы білім беру бағдарламасын енгізу;
      7) мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау (пандустар, көтергіштер, жеделсатылар және т.б., сондай-ақ дефектолог мамандармен жасақтау);
      8) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің балалардың зерттеушілік дағдыларын және түрлі конкурстарға қатыса білуін дамытуға ықпал ететін жобалау іс-қимылы әдістемесін қолдануы;
      9) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
      10) мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын жақсарту үшін консультациялық пункттердің, үйлестіруші және қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру арқылы шешу қажет.
      Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік және аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалары аясында мектепке дейінгі ұйымдар ашып, құрады.
      Сондай-ақ әкімдіктер орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты мекемелері алып жатқан бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін босату бойынша қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
      Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы проблемаларын шешудің тиімді жолының бірі – меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
      Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бір балаға есептелген мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша көрсетілетін қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғарғы мөлшері аудан, қала және республикалық маңызы бар қалалар әкімінің жыл сайынғы шешімімен белгіленеді.
      2010 – 2013 жылдары Бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру 2003 балабақшадағы 297288 және 2969 шағын орталықтағы 75872 орынға қосымша 271 268 орын, 2014 – 2020 жылдары 480 408 орын ашуға мүмкіндік береді.

2010 – 2014 жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру есебінен енгізілетін орын саны және мектепке
дейінгі ұйымдар құрылысы

Облыстардың, қалалардың атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

1

Ақмола

3785

0

3550

460

1580


2

Ақтөбе

3779

0

3175

320

2320


3

Алматы

12340

0

9900

640

11115


4

Атырау

5425

0

2615

560

4050


5

Шығыс Қазақстан

5865

0

3710

420

2355


6

Жамбыл

6355

0

3115

1880

2365

840

7

Батыс Қазақстан

3064

0

1905

600

3885


8

Қарағанды

4303

0

8095

640

3145


9

Қостанай

837

0

2875

0

2070


10

Қызылорда

2415

0

281

1440

2100

320

11

Маңғыстау

5981

0

2705

280

3205


12

Павлодар

8156

0

2750

560

520


13

Солтүстік Қазақстан

5968

0

2722

880

280


14

Оңтүстік Қазақстан

9035

0

10260

65660

7071


15

Алматы қ.

4140

0

1750

640

1180

2400

16

Астана қ.

8275

0

9370

0

5400

2240


Барлығы

89723

0

68777

15880

52641

5800

      кестенің жалғасы

2013 ж.

2014 ж.

жиыны

барлығы

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

орын саны

2180


1710


12805

460

13265

2695


2100


14069

320

14389

2270


1250


36875

640

37515

1070


1300


14460

560

15020

3115


2310


17355

420

17775

2010


2085


15930

2720

18650

3542


2240


14636

600

15236

0


0


15543

640

16183

1715


1530


9027

0

9027

0


0


4795

1760

6555

2870


2370


17131

280

17411

120


110


11656

560

12216

0


0


8970

880

9850

7600

2160

7315

960

41281

9680

50961

2220


840

1560

10130

4600

14730

3200

1680

0

1680

26245

5600

31845

34607

3840

25160

4200

270908

29720

300628

Мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың 2014 – 2020
жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес орын саны

Облыс атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

1

Ақмола

2550

0

2730

0

3052

1200

0

2307

2

Ақтөбе

2380

640

2470

0

1725

1720

0

2103

3

Алматы

4485

1200

4065

880

3230

0

0

3590

4

Атырау

115

1960

420

0

1510

560

0

1294

5

ШҚО

2697

280

3700

0

1749

0

0

2131

6

Жамбыл

1970

1400

1190

0

1805

0

0

2320

7

БҚО

1395

360

3110

320

3350

500

0

4545

8

Қарағанды

1715

470

635

0

285

1560

0

140

9

Қызылорда

2215

1120

1840

0

2115

0

0

2185

10

Қостанай

1763

0

1013

1120

1370

1270

0

835

11

Маңғыстау

4820

280

3120

2840

2490

560

0

2850

12

Павлодар

2340

0

2200

0

2775

0

0

2710

13

СҚО

1375

0

730

0

1385

280

0

1170

14

ОҚО

11109

2320

9911

0

8642

0

0

9431

15

Алматы қаласы

2190

0

2170

0

1985

0

1990

0

16

Астана қаласы

1900

1200

1890

2480

2245

0

2340

0


Барлығы

45019

11230

41194

7640

39713

7650

4330

37611

      кестенің жалғасы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлығы

Барлығы

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

мемлекеттік тапсырыс бойынша енгізілетін орын саны

құрылыс есебінен енгізілетін орын саны

Орын саны

0

3196

0

3774

0

610

8332

11087

19419

0

1195

0

3145

0

5165

6575

13968

20543

0

2410

0

2950

5865

14236

17645

25266

42911

0

1760

0

2490

0

2880

2045

10944

12989

0

1215

0

2685

0

7335

8146

13646

21792

0

2685

0

5825

0

8413

4965

20643

25608

0

5575

0

4985

0

5465

7855

21750

29605

0

310

0

25

0

4765

2635

7270

9905

0

1760

0

1595

0

2127

6170

8787

14957

0

915

0

640

0

965

4146

5745

9891

0

4395

0

4050

0

1960

10430

16935

27365

0

3290

0

3595

0

2870

7315

12465

19780

0

1070

0

935

0

875

3490

4330

7820

0

8605

0

8331

35141

7097

64803

35784

100587

4540

0

5330

0

4970

23586

23175

23586

46761

1660

0

2060

0

4120

50580

16215

54260

70475

6200

38381

7390

45025

50096

138929

193942

286466

480408

      2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен барлығы 1 060 957 бала қамтамасыз етіледі.
      *2010 жылы (2010 ж. 28 мамырдағы № 488 ҚРҮҚ) бекітілген 2014 жылдың көрсеткіштері демографиялық өсу мен көші-қон процестерін ескере отырып қайта қаралды.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны іске асыру үшін бюджет қаражаты пайдаланылады, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі пайдаланылатын болады.
      2010-2013 жылдары бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:

Жылдар

Мемлекеттік бюджет
(млн. тг.)

Республикалық бюджет
(млн. тг.)

Жергілікті бюджет
(млн. тг.)

Барлығы

216 283,5

213 040,0

3243,5

2010

21 523,0

19 678,0

1 845,0

2011

58 346,7

57 558,7

788,0

2012

41 234,7

41 095,2

139,5

2013

44 835,6

44 588,6

247,0

      Көрсетілген қаражат шеңберінде республикалық бюджет есебінен 36075,4 млн. теңге сомасына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қосымша 245 748 орын берілді.
      Енгізілген қосымша орындар үшін мектепке дейінгі ұйымдардың 6 945 педагог қызметкерлері қайта даярланды.
      Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында балабақшалар салынуы қажет.
      2010 жылғы өңірлердің деректерін талдай келе, қосымша берілетін орындарды есепке ала отырып, орындардың барынша тапшылығы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Астана қалаларында сақталып отырғаны белгілі болды.
      Аталған өңірлерде жалпы сомасы 40,7 млрд. теңгеге 18 360 орынға арналған 82 балабақша салу ұсынылады:
      республикалық бюджет қаражатынан 39,3 млн. теңге
      жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыра отырып 1,4 млрд теңге.
      2014 – 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:

Жылдар

Жалпы бюджет
(млн. теңге)

Республикалық бюджет
(млн. теңге)

Жергілікті бюджет
(млн. теңге)

2014-2020

190 536

14 781,3

26 461,2

125 776

23 517,5

Құрылыс

Мемлекеттік тапсырыс

Құрылыс

Мемлекеттік тапсырыс

2014

32 615

9633,7

6 217,5

13 326

3 437,8

2015

25 976,5

3570,6

5 399

14 100

2 907

2016

25 476,4

1 577

3 963,6

16 150

3 785,8

2017*

22 632

0

3 212,4

16 700

2 719,5

2018*

27 909,6

0

3 539

21 600

2 770,7

2019*

30 099

0

4 129,8

22 600

3 369,1

2020*

25 827,6

0

0

21 300

4 527,6

      *2014 – 2020 жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.

7. «Балапан» бағдарламасын іске асыру жоспары

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері мен ҚР БҒМ арасында қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келісімдер жасасу

ҚР БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері

ҚР БҒМ-ге ақпарат

2010 – 2020 ж.ж.
шілде
қаңтар

Талап етілмейді


2

Жергілікті атқарушы органдар мен мектепке дейінгі ұйымдар арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау туралы шарттар жасасу

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-ге ақпарат

2010 – 2020 ж.ж.
шілде
қаңтар

Талап етілмейді


3

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша орындарды енгізуді қамтамасыз ету, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен:
2010 жылы – 89 723;
2011 жылы – 68 777;
2012 жылы – 52 641;
2013 жылы – 34 607;
2014 жылы – 32 874;
2015 жылы – 28 546;
2016 жылы – 20 957;
2017 жылы – 22 521;
2018 жылы – 24 295;
2019 жылы – 28 546.
жергілікті бюджеттер есебінен:
2014 жылы – 23375;
2015 жылы – 20288;
2016 жылы – 26406;
2017 жылы – 19420;
2018 жылы – 20286;
2019 жылы – 23869;
2020 жылы – 33057.

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Жыл сайын
шілде
қаңтар

8 549,5
12 133,6
9 286,9
6 105,4
6 217,5
5 399
3 963,6.
3 212,4
3 539
4 129,8

3 437,8
2 907,0
3 785,8
2 719,5
2 770,7
3 369,1
4 527,6

РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ

ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

4

Мектепке дейінгі білім беру объектілерін салу, оның ішінде:
2010 жылы 10 940 орындық 39 объектінің құрылысын бастау;
2011 ж. – 15 460 орындық 56 объекті;
2012 ж. - 5 800 орындық 32 объекті;
2013 ж. – 3 840 орындық 14 объекті;
2014 жылы – 32 объекті;
2015 жылы – 6 объекті;
2016 жылы – 6 объекті;
2017-2020 ж.ж. – 0.

ҚР БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Жыл сайын
шілде
қаңтар

10 661,6
1 845, 0

36 535, 4
788, 0
10 923, 0
139,5
8 513, 2
247, 0
9 633,7
3 570,6
1 577
0

РБ
ЖБ

РБ
ЖБ
РБ
ЖБ
РБ
ЖБ
РБ
РБ
РБ

5

Бұрын жекешелендірілген объектілерді беру және сатып алу

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 – 2020 ж.ж.


ЖБ

6

Меншік нысанының барлық түрлерінде шағын орталықтар ашу

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 – 2020 ж.ж.


ЖБ

7

Тұрғын үйлердің 1-қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдар ашу

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 – 2020 ж.ж.


ЖБ

8

Өңірлерде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 – 2020 ж.ж.



9

Мектепке дейінгі ұйымдарды құру үшін мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын босату

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері,
ОАО
ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 – 2020 ж.ж.


ЖБ

10

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету, оның ішінде:
2010 жылы – 3 213;
2011 жылы – 2 341;
2012 жылы – 1 391
2014 жылы – 1 391
2015 жылы – 7 716
2016 жылы – 8 090

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері
ҚР БҒМ,
ҚР Еңбекмині

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2014 ж.
2015 ж.
2016 ж.

466,8
340,1
202,1
189 735
276 310
295 123

РБ
РБ
РБ
РБ
РБ
РБ

11

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің мониторингі

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Жыл сайын
шілде
қаңтар

Талап етілмейді


12

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеу

Облыстардың, Астана, Алматы қ.қ. әкімдері

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Жыл сайын
шілде
қаңтар



13

Мектепке дейінгі ұйым қызметкерінің анықтамалығын әзірлеу және басып шығару

ҚР БҒМ, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО

Анықтама

2010 ж.

Талап етілмейді


14

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттер құру

облыстардың
Астана, Алматы қ.қ. әкімдіктері

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Жыл сайын
шілде
қаңтар


ЖБ

15

Гувернер-бала күтушілерді даярлау бағдарламасын әзірлеу және бекіту

БҒМ, «Мектепке дейінгі балалық шақ» РО

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2011 ж.

Талап етілмейді


16

Инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасау (пандустар, кіреберістер, көтергіштер, жеделсатылар)

облыстардың
Астана, Алматы қ.қ. әкімдіктері, ҚР БҒМ

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

2014 – 2020 жж.
шілде
қаңтар


ЖБ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР БҒМ

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ҚР Еңбекмині

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

ҚР ЭБЖМ

-

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

РБ

-

республикалық бюджет;

ЖБ

-

жергілікті бюджет;

ОАО

-

орталық атқарушы органдар;

БАҚ

-

бұқаралық ақпарат құралдары;

РО

-

республикалық орталық;

БҰАО

-

біліктілікті арттыру ұлттық орталығы;

ОӘК

-

оқу-әдістемелік кешен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады