Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы: | хатшысы: |
И.Е Ақжанов | А.Ермағамбет |
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 шешімімен бекітілген |
Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары
1. Осы Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.1.Жалпы ереже
2. Осы Қағидалар Әйтеке би ауданында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
3. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрi – Уәкілетті орган) арқылы айқындалған Үлігілік және осы Қағидалардағы тәртіп бойынша беріледі.
4. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
2. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарының тізбесін айқындау
7. Атаулы күндер мен мереке күндері әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектері;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында, кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлері;
қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күніне орай - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектері;
1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне атаулы әлеуметтік көмек алатын 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
онкологиялық ауруларымен зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға.
Азаматтардың кейбір санаттары біржолғы әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқылы болған жағдайда, біржолғы әлеуметтік көмектің тек бір түрі (мөлшері бойынша ең жоғары) көрсетіледі.
8. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін жүгінген әлеуметтік көмек алушылардың тізбесі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері;
2)-жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
4)-жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
6)-мүгедектер, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
7)-саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар;
8)-көп балалы отбасылар;
9)-жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері;
10) аз қамтылған отбасылар (азаматтар);
11) онкологиялық ауруларымен зардап шегетін азаматтар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын науқастар.
Жоғарыда аталған тұлғалар, егер олар мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілмеген болса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіз бола алады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған негіздер;
2)-табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе олардың мүлкіне зиян келтіру не онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға;
3) осының алдындағы тоқсандағы отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысының шекті деңгейі (көмекке жүгінер мерзімі кезінде) төртеселік мөлшер көлемінде күнкөріс деңгейінен төмен көрсеткіштен аспаған жағдай (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен басқалары). Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін өмірлік қиын жағдай кезеңінде әлеуметтік көмек табысты есепке алмай есептелінеді. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
9.-Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек Әйтеке би аудандық әкімдігімен бекітіліп, ұсынылған тізімі бойынша "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық қазыналық кәсіпорнының Әйтеке би аудандық филиалы өтініш берушіден өтініш талап етілмей көрсетіледі.
11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті орган немесе селолық округтың әкіміне мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жерде тіркелгендігін растайтын құжат;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының № 1 қосымшасына сәйкес отбасы (азаматтың) құрамы туралы мәліметтерді;
4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табысы туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжаттарды өтінішке қоса ұсынады.
12. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2, 3 қосымшаларына сәйкес отбасының (азаматтың) материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының (азаматтың) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытындыны дайындап, Уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қаланың, селоның, селолық округтің әкіміне ұсынады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісін және қорытындыны алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде қосымша жалғанған құжаттармен бірге Уәкілетті органға ұсынады.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Уәкілетті орган, тиісті органдардан әлеуметтік көмек көрсету жөнінде құжаттарды қарау мәліметтерді сұрай алады.
16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тиісті мәліметтерді қамтитын өзге Уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректерінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
17. Уәкілетті орган учаскелік комиссия немесе аудандық маңызы бар қаланың, селоның, селолық округтің әкімінен құжаттар түскеннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияда қарауға ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар түскеннен кейін екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі жөнінде шешім шығарып оңтайлы шешім қабылданған жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссия-ның қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе аудандық маңызы бар селолық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтініш берушіге әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді (тағайындаудан бас тарту жағдайда негізін көрсетіп) жазбаша түрде хабардар етеді.
Азаматқа (отбасына) болмаса мүлігіне өрт салдарынан немесе табиғи зілзалаға байланысты залал келтірілген жағдайда, онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға әлеуметтік көмек өтініш негізінде қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей-берген-кезде-ғана-беріледі.
21.-Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1)-өтініш беруші ұсынған мәліметтердің жалғандығы анықталған;
2)-өтініш беруші отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас-тартқан,-жалтарған;
3)-адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Әйтеке би аудандық мәслихаттың белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру, Әйтеке би аудандық бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтату және қайтару негіздемелері
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Әйтеке би ауданы шегінен тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің жалғандығы анықталған жағдайларда тоқтатылады;
Әлеуметтік көмек көрсету аталған жағдайлар орын алған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингілеуді және есепке алуды Уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.