Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешендегі және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Елеуова |
Мәслихат хатшысы | Б. Турлыбаев |