Байғанин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 115 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3866 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 07.07.2016 № 28 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешендегі және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин аудандық ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылға келесідей әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г. Елеуова
      Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады