Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 16.03.2015 № 73 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 "Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-114 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін";
көрсетілген қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін."
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: |
М.Аққағазов |