Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 153 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3874 болып тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 5-05/02 хаты)

     Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 05.01.2015 № 5-05/02 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2014 жылы Қобда ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Мәслихат сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

С. Мендыгарин
Л.Исмағамбетова

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Хобдинского района

Решение Хобдинского районного маслихата Актюбинской области от 15 апреля 2014 года № 153. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 мая 2014 года № 3874. Утратило силу в связи с истечением срока применения – (письмо Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 5 января 2015 года № 5-05/02)

     Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения – (письмо Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 05.01.2015 № 5-05/02).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развитии агропромышленного комплекса и сельских территорий», Хобдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2014 году социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Хобдинского района, единовременно в размере 4 (четырех) месячных расчетных показателей, за счет бюджетных средств.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
 
 

      Председатель сессии районного
      маслихата
      Секретарь районного маслихата

С. Мендыгарин
Л. Исмагамбетова