1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан- желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
2) "Қобда аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттілігі шегінде шақыруды ұйымдастырсын және қатысты іс – шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі (М.Дауылбаев) аудан әкіміне 2014 жылдың 7 шілдесіне және 2015 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға және "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Дауылбаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |