РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жиренқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Жиренқопа ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 2 «Жиренқопа ауыл округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне және құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-115 тіркелген, 2011 жылғы 9 тамызда аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«Жиренқопа ауылдық округінің елді мекендерінің көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы»;
шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Ауылдық округ әкімі |
Б.Айдосов |