1. Қобда ауданының И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 "Исламғали Құрманов атындағы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда "Қобда" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"И. Құрманов атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Қ.Әмірғалиев |