Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Мәртөк ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарын тiркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын, тіркеу қортындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Елеусізов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Мәртөк ауданының қорғаныс істері | |
жөніндегі бөлімінің бастығы | |
А. Утарбаев | |
20 қараша 2014 жылы |