Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26 «Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көше атауын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-149 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауын қайта атау туралы»;
орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі |
Т.Өтемұратов |