Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №26 "Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көше атауын қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 38 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 4108 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 26 «Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көше атауын қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-149 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      «Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Елек ауылының Садовая көшесінің атауын қайта атау туралы»;
      орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ақкемер ауылдық округінің әкімі

Т.Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады